Жаңалықтар

Қазақстанның Қарағанды қаласында алғаш рет энергия тиімді тұрғын үй салынады

14 қазан 2011 ж.

БҰҰ ДБ- ның Қазақстандағы тұрақты өкілі Стивен Тулл осы пилоттық демонстрациялық жобаның мәнісін былайша түсіндірді: «Бұл тұрғын үйлерді жобалау мен салудың энергетикалық тиімді технологияларын енгізу мүмкіншілігін демонстрациялау үшін қажет».

БҰҰ ДБ/ Жаһандық экологиялық қорының Қазақстан Республикасы Үкіметінің жобасымен жобалау компаниясына техникалық қолдау көрсетіп, кеңес беру мақсатында Атаев атындағы НИПТИС белорусс ғылыми-зерттеу институтының жетекші сарапшылары жұмылдырылды. Ғимараттың энергияны тұтыну бойынша жобалық шешімі оны әрі қарай пайдаланудағы климаттық жағдайы ескеріледі, желдету және жылыту жүйесі пәтер тұрғындарының тілектері бойынша желдету режимі мен ауа температурасын бағдарламалауға мүмкіндік туғызады, соңында ғимараттың энергия сыйымдылығын қысқарту мен оның экологиялық деңгейінің артуына әкеледі.

Құрылыстың аяқталуы 2012 жылдың төртінші тоқсанына жоспарлануда. БҰҰ ДБ/ Жаһандық экологиялық қорының Қазақстан Республикасы Үкіметінің жобасы ұсынылған энергия тиімді шараларды қаржыландыруды жүзеге асырады. Сонымен қатар БҰҰ ДБ/ Жаһандық экологиялық қорының Қазақстан Республикасы Үкіметінің жобасымен ғимараттың энергия сыйымдылығын төмендету және парниктік газ қалдықтарын қысқарту мониторингін жүргізеді.


ГЧП
Cuba Cuba Cuba Cuba
Left Arrow
Right Arrow