Жаңалықтар

«Қазақэнергиясараптама» АҚ-ның INOGATE ұйымының өкілдерімен кездесуі

22 ақпан 2012 ж.

Анықтама:

INOGATE бағдарламасы – бұл Еуропа Одағы мен Серіктес елдер – Армения, Әзірбайжан, Беларусия, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Тәжікстан, Түркіменстан, Украина және Өзбекстан арасындағы энергетикалық саладағы ынтымақтастық бағдарламасы. Елдер келесі төрт басты мақсатқа қол жеткізу үшін қарым-қатынас жасауға келісті:

  1. Серіктес елдер ерекшелігін ескере отырып, ЕО энергетикалық нарығының ішкі ұстанымдарына негізделген энергетикалық нарық конвергенциясы.
  2. Энергия тасымалдаушылардың экспорт/импорты, жеткізілімдердің диверсификациясы, энергия тасымалдаушылардың транзиті мен энергия тасымалдаушыларға сұраныс мәселелерін шешу жолымен энергетикалық қауіпсіздікті арттыру.
  3. Энергия тиімділігін және жаңартылып отыратын энергия көздерін дамытуды қоса, тұрақты энергетикалық даму.
  4. Ортақ мүддедегі энергетикалық жобаларға инвестияцияларды тарту.

INOGATE бағдарламасы 1995 жылы Еуропаға мұнай мен газды мемлекет аралық тасымалдау үшін ЕО тетігі ретінде құрылды. Баку мен Астанадағы конференциядан кейін  энергетикалық саладағы ауқымды серіктестік ретінде қайта құрылды және төрт негізгі бағыт бойынша жұмыс істейді:

  • Энергетикалық қауіпсіздікті күшейту.
  • ЕО ішкі энергетикалық нарығының ұстанымдары негізінде энергетикалық нарықтардың конвергенциясы.
  • Тұрақты энергетиканы дамытуды қолдау.
  • Ортақ және аймақтық мүддедегі энергетикалық жобаларға инвестицияларды тарту.

ГЧП
Cuba Cuba Cuba Cuba
Left Arrow
Right Arrow