Жаңалықтар

«Энергоаудит және Қазақстанда ғимараттарды сертификаттау: кадр әлеуетін дамыту, әдістері мен құралдары» семинарының екінші сессиясы

14 желтоқсан 2011 ж.

Еске салып өтейік, бірінші сессия биылғы жылдың қарашасында өткен болатын, содан кейін қатысушылар теориялық дағдыларын іс жүзінде қолданып, ғимараттарды сканерлеу бойынша жемісті жұмыс атқарды.

Екінші сессия үй тапсырмасының тұсаукесерінен басталды және энергетикалық тиімділік пен ҚР нормативтік базалары мәселелері бойынша Қазақстанның заңнамасын толық зерделеуге арналды. Қатысушылар ENSI EAB бағдарламасын пайдалануға қатысты әртүрлі кеңестер алды және ENSI EAB 8.1 бағдарламалық қамтамасыз етілуін, EAB 8.1 бағдарламасында есеп айырысу алгоритмін, жылыту көлемінің жылу шығыны коэффициентін,  жалпы жылу шығынын жабу үшін жалпы берілген жылуды, ішкі жылу түсімдерін, күн жылуының түсімдерін, жылу түсімдері үшін кәдеге жарату коэффициентін, ғимараттың энергия қажеттігін, жылу жүйесінде және жылу берудің ПӘК (пайда әсер коэффициенті) шығынын ескере отырып, жылытуға берілген энергияны тұтынуды, ғимараттың үлестіргіш жүйесінің ПӘК, ғимараттың энергия тұтынуын есептеу үшін барлық қажетті нәрселерді толық зерделеді.

Energy Saving International AS  компаниясының президенті Тронд Далсвен бағдарламаға қатысушылармен көпсалалы энергоаудит және энергиямониторинг жүргізу саласындағы Норвегия тәжірибесімен бөлісті.

Екінші сессия аяқталғаннан кейін қатысушылар «Ғимараттың энергоаудиті бойынша есеп» дайындауы тиіс.

Семинардың үшінші сессиясы келесі жылдың ақпан аяғында жоспарлануда.


ГЧП
Cuba Cuba Cuba Cuba
Left Arrow
Right Arrow