Жаңалықтар

Энергия тиімділік және энергия үнемдеу аудиторларын даярлау саласында Жапон елі өз тәжірибесімен бөлісуде.

27 маусым 2012 ж.

Астанада энергия тиімділік бойынша кешенді жоспарды жүзеге асыру  барысында  энергия аудит және энергия менеджменті бойынша «Қазақэнергиясараптама» АҚ және  Japanese International Cooperation Agency (JICA) ұйымдастырылған  4  семинардың біреуі  өтті.

Осы семинардың тақырыбы – энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру  аудиторларының кандидаттары үшін техникалық және жалпы нұсқаулық. Семинар 2012 жылғы 26-27 маусымда өтті. Семинарда мемлекеттік органдар мен өндірістік кәсіпорындар (Казахмыс, «Kazakhstan rubber recycling» ЖШС, «NK-Cargo» ЖШС және т.б.), консалтинг компаниялары («Интерсертифика» ЖШС), қоғамдық ұйымдар (Атамекен), басқарушы компаниялар қатысты. Жапон елінің TEPCO және «YSK» компанияларының өкілдері энергия аудит және энергия менеджменті бойынша теориялық және тәжірибелік сабақтар өткізді. Астана қаласының ЖЭО-2 өлшеу жұмыстары өткізілді. Семинар қатысушылардың пікірі бойынша, Қазақстан энергия үнемдеу саласында жоғары дәрежелі кадрлар қажеттігі туындады. Елімізде нормативті құжаттар қабылданды, экономика барлық салаларын тарту  жаңа энергия үнемдеу саясаты жүзеге асырылып жатыр. Қазіргі таңда оқыту семинарлары өте өзекті және қажетті. Оқуда 25 адам қатысты. Семинарлар Орал және Алматы қалаларында, сондай-ақ Жапон елінде   жалғасатын болады.

 


ГЧП
Cuba Cuba Cuba Cuba
Left Arrow
Right Arrow