Жаңалықтар

Жапония: энергия тиімділігі саласында тәжірибемен алмасу

15 ақпан 2012 ж.

Құрамында техникалық директорлар мен инженерлер, мүдделі ведомстволардың мемлекеттік қызметшілері  мен университеттік ортаның өкілдері бар қазақстандық делегация осы оқыту бағдарламасына қатысып, саланың ауқымды спектрінде білім алып, технологияны игерді.

Бағдарламаға «Қазақэнергиясараптама» АҚ-ның Президенті Сұңғат Есімханов қатысты. Оқыту бағдарламасына тікелей қызығушылық болды, өйткені  Қоғам Қазақстан Республикасының 2012-2015 жылдарға арналған энергияны үнемдеу мен энергия тиімділігі жөніндегі Кешенді жоспардың әзіленуіне қатысты.

Оқыту бағдарламасында Жапонияның әртүрлі өнеркәсіптік кәсіпорындарында  іске асырылған және энергия үнемдеудің қолданыстағы жобаларының нақты мысалдары келтірілді. Қатысушылар болат құю зауытын (Сумикин), тамақ кәсіпорнын, косметикалық фабриканы,  Киотодағы (Тошиба және Хитачи) тұрмыстық техниканы шығаратын зауытты көріп танысты, Осака, Кобе, Миура и Маекава қалаларында болды, онда энергия тиімділігінің жабдықтары жұмыс істеуде (газдық турбиналар, зияткерлік есептегіштер, жылу сорғысы, салқындатқыш, мегакүндік электр станциясы және көптеген ноу-хау).


ГЧП
Cuba Cuba Cuba Cuba
Left Arrow
Right Arrow