Тренинг Токио, Киота, Осака қалаларында оздырылды.
Тренинг барысында Panasonic, Fujitsu сияқты басқа да Жапонияның алдыңғы қатарлы кәсіпорындарына жол түсті. Осы сапарлар барысында компания қызметкерлері энергия қуатын үнемдеу саласында өздерінің тәжірибелерімен бөлісті, атап айтқанда қалай өздерінің кәсіпорындарының энергия тиімділігін арттырады, қалай өздерінің қызметкерлерін жұмыс орындарында энергия ресурстарын тиімді пайдалануға ынталандырады және әрі қарай жетілдіруде жаңа идеялар ұсынады.
Сонымен қатар Жапонияда энергия қуатын үнемдеу саясатын жүзеге асыру үшін жауапты мемлекеттік органдар өкілдерімен мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары мен жолдары, энергия қуатын үнемдеуді ынталандыруға арналған кездесулер оздырылды.
Тренинг барысында алынған білім мен ақпараттар қазіргі таңда өзекті, себебі 2012 жыл жаңа «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» ҚР Заңы, негізгі әзірлеушісі «Қазақэнергиясараптама» АҚ болып табылатын 2012-2015 жылдарына арналған ҚР энергия тиімділігін арттырудың кешенді жоспары жүзеге асырыла бастайды.