Жаңалықтар

«Энергияны үнемдейміз – астанамызды сақтаймыз» конкурсының бірінші сатысы аяқталды

06 қаңтар 2012 ж.

Конкурстың бірінші сатысы – қатысушылардың сауалнамаларын тіркеу – 2011 оқу жылының желтоқсан айының 1- жұлдызынан басталды және 2011 жылдың желтоқсан айының 30-жұлдызында аяқталды. Астана қаласының 7-11 сынып оқушылары арасынан 46 оқушы конкурсқа қатысуға өтініш білдірді. Олардың арасында 1, 3,10, 15, 22, 31, 32, 37, 40, 46, 50, 51, 56, 58, 63, 65, 68 және «Зерде»  дарын балаларға арналған мектеп оқушылары бар.

Оның ішінде:

7 сынып оқушылары – 7 адам,

8 сынып оқушылары – 10 адам,

9 сынып оқушылары – 14 адам,

10 сынып оқушылары -12 адам,

11 сынып оқушылары – 3 адам.

Конкурстың екінші сатысы «Неге мен осы конкурсқа қатысқым келеді?» тақырыбындағы көлемі 250 сөзден тұратын шығармаға арналады. Шығармаларды қабылдау 2012 оқу жылының 25 қаңтарына дейін қабылданады.

Жұмыстарды 1042@kazee.kz электрондық поштасына немесе Астана қаласы Кенесары көшесі, 40-үй ( «7 Континент» БО, 14 қабат, «Қазақэнергиясараптама» АҚ, Стратегиялық талдау департаменті) адресі бойынша жіберуге болады.  Екінші саты соңында конкурстың үшінші сатысында өздерінің жобалау- зерттеу жұмыстарын ұсына алатын 20 қатысушы таңдап алынатындығын ескертеміз.

Құрметті оқушылар, белсенді түрде конкурсқа қатысқандарыңыз және энергия үнемдеу мәселелеріне деген қызығушылықтарыңыз үшін қуаныштымыз! Конкурс  Сіздер үшін пайдалы да бағалы тәжірибе бола отырып, зерттеу үдерісінде аналитикалық ойлау дағдысын дамытады және конкурс барысында көптеген жаңа да қызықты ақпараттарды біле аласыз, күнделікті өміріңізде энергия үнемдеу идеясын тәжірибелік тұрғыдан қолдану дағдысына ие боласыз деп үміттенеміз!

Энергия үнемдеу саласында мақсаткерлік пен зиятты жеңіс тілейміз! 


ГЧП
Cuba Cuba Cuba Cuba
Left Arrow
Right Arrow