«Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты (Қазақэнергиясараптама)» Акционерлік қоғамы (бұдан әрі – АҚ) –Қазақстанның заманауи және жетік сараптама ұйымы болып табылады.
АҚ басты басымдылығы: сапасы жоғары қызмет көрсетумен объектілерінің және жобалардың қауіпсіздігін және энергия тиімділігін арттыру.
АҚ сапа саласындағы саясаттың басым бағыттары:
- АҚ қызметін тұрақты жақсартуға, тұтынушылардың орнатылған және күтілетін талаптарын толығымен қанағаттандыруға бағытталған;
- АҚ жұмысшыларының кәсіби біліктілігін, құзыреттілігін және білгірлігін тұрақты арттыру;
- энергетикалық сараптаманы және энергия аудитін жүргізу, энергия менеджменті жүйесін енгізу және өндірістік қауіпсіздік саласында озық отандық және шетел жетістіктерді қолдана отырып, ұйымдарға қызмет көрсетуді жетілдіру;
- АҚ сараптамамалық әлеуетінің жоғарғы деңгейін қамтамасыз ету;
- қызмет көрсету спектірін кеңейту;
- отандық және шетел ұйымдармен ынтымақтастықты оңалту.