Жаңалықтар

2022 жылғы 4 мамырда «Қазақстан-Германия энергетикалық диалогы» шеңберінде энергия тиімділігі, ЖЭК және сутегі жөніндегі жұмыс тобының онлайн отырысы өтті

04 мамыр 2022 ж.
2022 жылғы 4 мамырда «Қазақстан-Германия энергетикалық диалогы» шеңберінде энергия тиімділігі, ЖЭК және сутегі жөніндегі жұмыс тобының онлайн отырысы өтті

Индустрия және инфрақұрылымдық даму Вице-министрі Марат Қарабаев сөз сөйлеп, аталған іс-шараның маңыздылығын атап өтті. Өз сөзінде ол энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында ауқымды жұмыс жүргізілген Қазақстан мен Германия арасындағы 10 жылдық стратегиялық ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.

Жұмыс тобының отырысына: ҚР Энергетика вице-министрі – Жандос Нұрмағанбетов, Азиямен климаттық және энергетикалық ынтымақтастық бөлімінің басшысы,  Германияның Экономика және климатты қорғау федералды министрлігі – Штефани Шмид-Любберт, «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ Басқарма төрағасы Бауржан Смағұлов, сонымен қатар басқа да негізгі сапаршылар қатысты.

«Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ Басқарма төрағасы Бауржан Смағұлов Қазақстанда «2022-2026 жылдарға энергия үнемдеу және энергия тиімділікті арттыру Жол картасы» жасалғанын атап өтті, бұл еліміздің ЖІӨ энергия сыйымдылығының төмендеуіне айтарлықтай әсер етеді, себебі ол жаңа нақты және энергетика, өнеркәсіп, бюджет секторы мен ғимараттар, көлік секторларының, сондай-ақ әр облыс үшін нақты қол жеткізілетін өңірлердің көрсеткіштерін ескере отырып әзірленді.

Отырыс барысында ЖІӨ және сутегі энергетикасы мәселелері, оларды дамыту, елдер арасындағы ынтымақтастыұ шеңберінде бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері мен мүмкіндіктері талқыланды.

Отырыс Қазақстан-Германия әріптестігін нығайту және жаңа байланыстар орнату мақсатында өткізілді.

Онлайн отырыс қорытындысы бойынша барлық қатысушылар отырысты ұйымдастыруға алғыстарын білдірді, сондай-ақ одан әрі жемісті серіктестікке ниет білдірді.

image-04-05-22-07-13-1


ГЧП
Cuba Cuba Cuba Cuba
Left Arrow
Right Arrow