22 қыркүйек 2022 ж.
«ЭКСПО Қытай-Еуразия» 2022 7-ші халықаралық көрмесі
2022 жылғы 19-23 қыркүйек аралығында Үрімші қаласында (ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы) гибридті форматта «Қытай-Еуразия» VII ЭКСПО көрмесі өтуде.
Көрмені сауда министрлігі, Сыртқы істер министрлігі, Қытайдың халықаралық сауданы дамытуға жәрдемдесу комитеті және Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының халық үкіметі бірлесіп ұйымдастырады.
Соның ішінде ЭКСПО Қытай-Еуразия 2022 көрмесі аясында Орталық Азия елдері үшін ҚР Сауда
және инвестициялар Алматы палатасымен бірлесіп ұйымдастырылған эксклюзивті салалар мен өнімдер бойынша онлайн-форум өтуде.
«Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ (бұдан әрі-Институт) атынан онлайн форумға Басқарма төрағасының орынбасары – Турчекенов Серік Амангелдіұлы қатысты.
Онлайн форум қорытындысы бойынша институт пен «Beijing Sinovoda Environmental Protection Technology Co.,LTD.»ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Анықтама: іс-шараның мақсаты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ Қазақстан мен Қытайдың іскер топтар өкілдері арасында тікелей байланыстар орнату болып табылады.