Құрметті БАҚ өкілдері!
Сіздерді энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы келісімге қол қою рәсіміне қатысуға шақырамыз!
Өтетін күні мен уақыты: 2016 жылғы 28 қазан, сағат 11-00
Өтетін орны: Астана қ., Қабанбай Батыр даңғылы 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты.
2016 жылдың 28 қазанда Астана қаласында ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі мен Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісі «Шымкентцемент» АҚ арасында энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында ерікті негізде келісімге қол қойылады.
Ел басшысымен энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ЖІӨ 2020 жылға 25 пайызға төмендету бойынша нақты мақсаттар қойылған.
2012 жылғы 13 қаңтарда «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру» Заңы қабылданды.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі, Қазақстан Республикасы Оңтүстік Қазақстан облысы мен Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісі - «Шымкентцемент» АҚ-ның арасында қойылатын энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы үшжақты ерікті келісім - Заң шеңберіңде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы шара қарастырылған.
Осы келісімнің шеңьерінде «Шымкентцемент» АҚ бес жыл iшiнде оның өнім бірлігіне шаққандағы энергия тұтыну үлесін кемiнде он бес пайыз көлемiнде төмендету бойынша мiндетті, жергілікті уәкілетті орган Салық кодексіне сәйкес қоршаған ортаға эмиссия үшін жоғарылатылмаған төлем ставкасын көтермейді.
БАҚ-н тіркеу міндетті.