Форумға 150 өкіл қатысты, соның ішінде қазақстандық компаниялардың корпоративтік басқару жөніндегі басшылары мен корпоративтік хатшылары. «Қазақэнергиясараптамасы» АҚ-ны корпоративтік хатшы Раушан Қазыбек ұсынды.
Форумның спикерлері ішінде «Самрұқ-Қазына» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары Қуандық Бишимбаев, «Самрұқ-Қазына» АҚ корпоративтік хатшы қызметінің басшысы Жәрдем Құрманғазиев, Ұлыбритания институтының директорлар кеңесін дамыту тобының мүшесі Дэвид Бакла және т.б. болды.
Қазақстанда корпоративтік хатшылар институтын дамыту мәселесі өзекті және маңызды бола бастауына байланысты, форумға қатысушыларға корпоративтік басқару саласында тәжірибемен алмасуды қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыру ұсынылды. Бірауыздан мына шешімдер қабылданды: «Самрұқ-Қазына» Корпоративтік университеті негізінде корпоративтік хатшылар мен хатшылықты сертификаттауды жалғастыру; Қазақстан Республикасының корпоративтік хатшылардың кәсіби этика Кодексінің жобасын мақұлдау, ол корпоративтік хатшылардың кәсіби этикасы мәселелерінде басшы құжат ретінде қолданылатын болады; Қазақстанның корпоративтік хатшылары арасында өзара іс-қимыл және ең жақсы тәжірибемен алмасу бойынша үйлестіруші ретінде «Самрұқ-Қазына» компаниясы тобының корпоративтік хатшыларының Алқа Кеңесін белгілеу.
Форумда 25 қарашаны Корпоративтік хатшылардың кәсіби мерекесі ретінде белгілеу де ұсынылды. Сонымен қатар, корпоративтік хатшылардың Қазақстандық үшінші форумын 2012 жылдың қарашасында өткізу ұсынылды. Атап өтетін жайт, қатысушылармен қабылданған барлық шешімдер ұсыныс сипатында берілген.
5 Желтоқсан 2011