Дөңгелек үстел қатысушыларын Кешенді жоспар бойынша жұмыстардың негізгі бағыттарымен «Қазақэнергиясараптама» АҚ президенті Сұңғат Есімханов пен осы жоспарды дайындаумен айналысушы мамандар таныстырды. Кешенді жоспарда ҚР ЖІӨ энергия сыйымдылығын 2015 жылға дейін 10% қысқарту шараларын қарастыру жоспарланған.
Энергияны көп қажет ететін өндірістік кәсіпорындарда энергия аудит жүргізу және энергия үнемдеу орынды индикаторыларын анықтау, мемлекеттік-жеке серіктестікті жандандыру үшін нормативтік- құқықтық базасын жақсарту мен энергия үнемдеу жобаларына жеке инвестицияларды тарту, сонымен қатар лайықты мамандарды дайындау жоспарда бар.
«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Заң жобасын әзірлеуде Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің жүргізіп отырған жұмыстары жөнінде ҚР ИжЖТМ Мемлекеттік энергетикалық қадағалау мен бағалау комитетінің төрағасы Арман Тұрлыбек айтып берді. Бұл заң жобасы арқылы ҚР Үкіметі мен уәкілетті органдар құзіреттілігі әкімшілік құқық бұзушылық істерін қарастыруға құқық және заңды бұзған үшін әкімшілік жазаға тарту, балқыту электр лампасын өндіру мен сатуға сатылы тыйым салынады; жылу энергиясының есептеуіш құралының бар немесе жоқ болуына байланысты тұтынылған жылу энергиясына саралап жіктелген төлем енгізіледі; ISO 50001 энергия менеджменті бойынша халықаралық стандартты енгізу жоспарлануда.
Отырыс барысында халықаралық стандарттар мен шетелдік тәжірибені ескере отырып энергия үнемдеу мен энергия тиімділігін арттыру саласында атқарымға ие қаржыландыру механизмдерін ынталандыру бойынша және өндірістік, ТКШ, көліктерді жаңарту бойынша ұсыныстар талқыланды. Дөңгелек үстелдің Қарағанды қаласында өткізілуі тегін емес. Казіргі уақытта Қарағанды облысы үйлердің термомодернизациясы сияқты энергия үнемдеу технологияларын енгізуде көшбасшы болып табылады. Сондықтан дөңгелек үстел қатысушылары нақты іске асырылған жобаларда «Эргоэкономика» компаниясының құптарлық тәжірибесін, халықаралық стандарттар мен шетелдік тәжірибелерді ескере отырып энергия үнемдеу шешімдерінің артықшылықтары мен кемшіліктерінталқылады.