Жаңалықтар

«Жасыл көпір – жасыл технология, инновация мен қолжетімді энергияға апарар көпір» халықаралық конференциясы

14 қыркүйек 2016 ж.
«Жасыл көпір – жасыл технология, инновация мен қолжетімді энергияға апарар көпір» халықаралық конференциясы

Бүгін Астана қаласында «Жасыл көпір – жасыл технология, инновация мен қолжетімді энергияға апарар көпір» халықаралық конференциясы өтті.

ҚР Энергетика министрі Қ.А. Бозымбаев пен Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму вице-министрі А. Рау құттықтау сөзбен конференцияның түндігін түрді.

Аталған конференция жасыл экономикаға өтуге, үздік жасыл технология мен тәжірибе трансфертіне, жасыл бизнесті дамытуға, институционалдық және техникалық инновацияларды жандандыру бойынша халықаралық әріптестік сұрақтарына арналған.

Конференцияға «Электр энергетикасын  дамыту және үнемдеу институты» АҚ өкілдері белсенді қатысты. Сондай-ақ, конференцияға ҚР Парламент депутаттары, ҚР министрліктері мен даму институттарының өкілдері, халықаралық сарапшылар, ҮЕҰ  мен мемлекеттің бизнес-құрылым өкілдері, жастар ұйымдары, БАҚ өкілдері қатысты.

 Конференцияны ҚР Энергетика министрлігі «жасыл экономика» үшін коалиция және G-Global-дамуымен бірігіп ұйымдастырып отыр.

IMG_5715

IMG_5716


ГЧП
Cuba Cuba Cuba Cuba
Left Arrow
Right Arrow