2016 жылғы 20 тамыз бен 1 қазан аралығында Жапониядағы қазақстандық мамандар JICA Жапония Халықаралық әріптестік агенттігі ұйымдастырған «Өнеркәсіп секторындағы энергия үнемдеуді дамыту» оқу курсына қатысты.
Барлық мамандар кәсіпорындағы энергия тиімділігін арттыру бойынша іс-шараларды жүзеге асыру үшін энергия үнемдеу технологиясы мен саясат саласында өз құзыреттілігін арттыру мүмкіндігіне қол жеткізді. Оқу курсының бағдарламасына: базалық теориялық білімдерді иелену; үздік тәжірибелік үлгілерге шолу; энергия үнемдеу мен энергия тиімділікті арттыру саласындағы іс-шараларды сәтті жүзеге асырған өнеркәсіп нысандарына бару кірді.
Сондай-ақ, оқу курсының аясында Жапониядағы ЭСКО жобаларын жүзеге асыру, энергия сервистік қызмет нарығын келешекте дамыту сұрақтары талқыланды. Осы ЭСКО жобаларды жүзеге асырған кезде мемлекеттік қолдау шаралары бойынша талқылау мен пікірталас жүргізілді.
Оқу курсы аяқталған кезде салтанатты жиында барлық қатысушылар сертификаттарға қол жеткізіліп, жапондық тарап энергия үнемдеу мен энергия тиімділікті арттыру саласындағы әрі қарайғы әріптестікке сенімдерін білдірді.