Бүгінгі күні, энергия үнемдейтін технологияларды белсенді енгізу және пайдалану бүкіл әлем үшін маңызы зор. Осылайша, шамдарда және прожекторларда жарық диодтық технологиялар кеңінен қолдануын тапты. Қазақстаннын бұл нарығында «Тексан Астана Жарык» (әрі қарай – Тексан) ЖШС белсенді қатысышулардың бірі болып табылады.
Осы жылдың 5 қазанында Тексан және «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу Институты» АҚ (әрі қарай – Институт) арасындағы ынтымақтастық және өзара түсіністік туралы Меморандум шеңберінде, жарық электротехникалық өнімдерді көрнекі презентациялау мақсатында, осы жұмада Институт өкілдері Алматы қаласындағы жарық диод шығару зауытына барды. Экскурсияны Бас директор М.Д. Курмашев өткізді.
Texan - сапалы және заманауи жарықэлектротехниканын кең ауқымын ұсынатын Қазақстандағы ірі жеткізуші мен өндіруші. Жеткізілетін өнімнің ассортименті үнемі өсіп, қазір 9000 лауазымдарды қамтиды.
2012 жылы компания көше, өнеркәсіптік және кеңсе жарықтандыру шамдарды өндіру зауытын ашты, сондай-ақ, жарықдиодты жарықтандыру қамтиды. Зауыт Жапониядан, Түркиядан, Тайваньнан, Германиядан, Голландиядан қазіргі заманғы жоғары технологиялық құрал-жабдықтармен жабдықталған. Компания ғылыми әзірлеуден бастап дайын өнімге дейін барлық өндірістік процесті жүзеге асырады. Шығарылатын өнім жоғары сапасын қамтамасыз ететін көп сатылы бақылаудан өтеді.
Тександа металл үлгілерді және қондырғыларын өндiру және жөндеу цехі бар, сондай-ақ өз жарықтехникалық сынақ зертханасы бар. Жалпы өндірістік ауданы 20 мыңнан астам шаршы м. болып табылады, онда 200-ден астам қызметкерлер күнделікті жұмыс істейді.
Компания 10 жылдан аса бүкіл әлемге өз өнімдерін экспорттайды және халықаралық көрмелерге қатысады.
Сондай-ақ Тександа жарық электротехникалық өнімдерді өндіретін зауыты Қытайда бар.
Ерекше назар жұмыс және демалыс жағдайларына бөлініп отыр: зауыт алаңында жайлылық классты жатақхана, дүкен және футбол алаңы бар.
Институтының өкілдері толық зауытты зерттеп өндірістің әр кезеңімен танысуға мүмкіндік алды.