Аталмыш бағдарлама шеңберінде «Қазақэнергиясараптама» АҚ-ның қызметкерлері мақсаты халық арасында, әсіресе жастар арасында энергия үнемдеу идеяларын насихаттау болып табылатын шаралар қатарын әзірледі.
Осыған байланысты Астана қаласының № 27 жалпы орта білім беру мектебінде «Энергияны үнемдей отырып, ғаламшарымызды сақтаймыз» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. «Қазақэнергиясараптама» АҚ қызметкерлерінің алғашқы кездесуі № 49 қазақ жалпы орта білім беру мектебінің оқушыларымен болғандығын естеріңізге саламыз.
Сабақ мақсаты – энергияны пайдалану, энергия және энергия ресурстарын үнемдеу, қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне оқушылар назарын аудару, энергия және энергия ресурстарын үнемдеу бойынша пайдалы іске балаларды тарту.
Барлық оқушыларға энергия үнемдеу туралы брошюралар таратылды. Сонымен қатар мақсаты өсіп келе жатқан буынды энергия үнемдеу мәселелерін түсіне білуге және оларды шешуге тарту болып табылатын энергия үнемдеу тақырыбындағы жобалар сайысы туралы жарияланды.
Қызығушылық тудырған жоба авторлары бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Сынып сағатының ұйымдастырушылары балалардың белсенділігі мен олардың қызығушылығын байқады. Сабақ барысында 6 және 8 сынып оқушылары энергия үнемдеу және оның қоршаған ортаға оң ықпалы бойынша практикалық білім алды.