Жаңалықтар

«Қазақэнергиясараптамасы» АҚ қызметкерлері кәсіпорындағы энергия тиімділігі мен энергия менеджменті бойынша дайындықтан өтті

01 желтоқсан 2011 ж.

Қазақстаннан «Қазақэнергиясараптамасы» АҚ қызметкерлері Садуақасов Дастан мен Бүксікбаев Данияр, сондай-ақ, ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінің өкілі Домнышева Марина болды.

Тренингке қатысушылар  сорғы жүйелерінде, бу қазандықтарында, сығылған ауа жүйелерінде, кәсіпорындарды жарықтандыру жүйелерінде, электр қозғалтқыштарында және энергияны үнемдеу әлеуеті бар басқа да жүйелерде энергия тиімділігіне қол жеткізуге үйренді.

Дәрістер мен зертханалардағы іс жүзіндегі сабақтардан басқа, тренингке  қатысушылар үшін белгілі түрік кәсіпорындарына: «Borilla» макарон фабрикасына, «EFES» сыра компаниясына,  «YUNSA» мата және киім тігу бойынша мақта-мата фабрикасына  экскурсия ұйымдастырылды, онда кәсіпорындардың энергоменеджерлерімен қабылданған энергия тиімділігі бойынша шаралар көрсетілді. Курс аяқталғаннан кейін, тәжірибемен алмасу мақсатында, ұйымдастырушылар қатысушылардан өз елдеріндегі және ұйымдарындағы энергия тиімділігі туралы шағын таныстырумен сөз сөйлеуді сұрады.

Энергия тиімділігі саласында Қазақстанның қол жеткізген табыстары туралы Бүксікбаев Данияр әңгімеледі. Ол ағымдағы жұмысқа және оны басқа елдердің тәжірибесімен салыстырып, осы бағытта Қазақстанда қабылданған шараларға тоқталды. Оның баяндамасында  атмосфераға көмірқышқыл газын шығаруды қысқартудағы Қазақстанның жоғары бастамашылығын және экономиканың барлық саласында энергия тиімділігін арттыруға барынша ықпал етуге елдің даярлығын  атап өтті.


ГЧП
Cuba Cuba Cuba Cuba
Left Arrow
Right Arrow