Семинарға қатысушылар 5 сатыдан тұратын бағдарламаны үйренді:
1. Менеджердің басқару қызметінің мәнін түсінуі, тиімді менеджердің басқару қызметінің негізгі функцияларын жүзеге асырудың дағдыларын қалыптастыру мен дамыту;
2. Басқару қызметінің әртүрлі стильдерін қолдану;
3. Тиімді көшбасшы дағдыларын дамыту;
4. Қазіргі заманғы басшының коммуникациясы;
5.Кәсіби даму.
Талқылау барысында қатысушыларда басқару үрдісінің мәні, басқару қызметінде негізгі функцияларды жүзеге асыру, тиімді көшбасшылық мінез-құлықтың психологиялық тәсілдері туралы ұғыным және оның тұлғалық және кәсіби табысқа қол жеткізуіне ықпалы, тиімді коммуникациялар дағдысы туралы көзқарас қалыптасуы тиіс еді.