Отырыс барысында «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасы Заң Жобасының негізгі ережелері талқыланды. Энергия тиімділік бойынша Кешенді жоспарды жүзеге асыру туралы «Қазақэнергиясараптама» АҚ Президенті Сұңғат Есімханов айтып берді. Елдегі энергия тиімділіктің төменгі орташа меншік көрсеткішін арттырып, 2015 жылға қарай ҚР ЖІӨ энергия сыйымдылығын 10 %– ға төмендету энергия тиімділік туралы Кешенді жоспардың негізгі мақсаты болып табылады. Қазіргі таңда Кешенді жоспар жобасы еліміздің мемлекеттік органдарында келісілуде. Осы жоспарды жүзеге асыру аясында кәсіпорындарда, бюджеттік ғимараттарда энергия аудиттер жүргізу, энергия менеджментті енгізу; энергия үнемдеу саласында кеңінен насихаттауды жүргізу, энергия үнемдеу саласында отандық мамандарды және қажетті нормативтік құжаттарды дайындауды жүзеге асыру жоспарлануда.
Дөңгелек үстел қатысушылары кездесу барысында Ақтөбе облысының энергия объектілер қатарын аралады. Сонымен қатар Ақтөбе облысының энергетикалық объектілерінің жылыту маусымына дайындығы мен барысының проблемалық сәттері талқыланды.