Жаңалықтар

Астанада IV Халықаралық энергия үнемдеу форумы өтеді

08 қараша 2022 ж.
Астанада IV Халықаралық энергия үнемдеу форумы өтеді

Қазақстан астанасында 2022 жылы 11 қарашада IV Халықаралық энергия үнемдеу форумы өтеді.

Форум дәстүрлі түрде 2018 жылдан бастап жыл сайынғы негізде өткізіледі және Қазақстан Республикасында мереке күні – энергия үнемдеу күнін мерекелеуге орайластырылған.

Форумды Қазақстан мен Германия арасындағы энергетикалық диалог контекстінде Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты (Қазақэнергиясараптама)» АҚ және неміс энергетикалық агенттігі (dena) ұйымдастырады.

Форумның ресми серіктестері Қазақстандық энергия аудиторлар қауымдастығы мен Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы болып табылады.

Форумның мақсаты-сарапшылар арасында сындарлы пікір алмасу, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында өзара тиімді әріптестік байланыстарды нығайту. Іс-шара шеңберінде өнеркәсіп пен ғимараттарда энергия тиімділігін арттыру жөніндегі шараларды іске асыру мәселелері талқыланатын болады.

Форум Энергия үнемдеуді дамытудың өзекті мәселелері бойынша халықаралық және қазақстандық сарапшылардың қатысуымен пленарлық отырыс пен панельдік сессиялардың форматында өткізіледі.

Форум будет проведен в формате пленарного заседания и панельных сессий с участием международных и казахстанских экспертов по актуальным вопросам развития энергосбережения.

Қазақстанда энергия үнемдеуді және балалар жылын танымал ету мақсатында өскелең ұрпақ арасында форумды ұйымдастырушылар «Энергия үнемдеу балалар көзімен» төртінші республикалық балалар суреттері байқауын жариялады.


ГЧП
Cuba Cuba Cuba Cuba
Left Arrow
Right Arrow