Сарапшылар қазақстандық энергетиктерді («Қазақэнергиясараптама» АҚ) Жапан еліндегі өндірістік кәсіпорындардың энергия аудитін жүргізуде қолданылатын құралдармен және әдістермен таныстырды.
Экспресс-аудит (диагностика) қорытындысы бойынша «Астана-Энергия» АҚ басшылығына кәсіпорында энергия қорларын пайдалану және олардың үнемдеу жолдары бойынша Есеп беру жоспарланып отыр.