2012 жылдың қарашаның 5-9 жұлдызында Тбилиси қаласында INOGATE қолдауымен Халықаралық энергетикалық агенттігінің «Энергетикалық статистика және көрсеткіштер» атты тренингі өтті, осы тренингте «Қазақэнергиясараптама» АҚ Энергия үнемдеу және энергия тиімділігі департаментінің Директоры қатысты. Осы тренингте Армения, Әзербайжан, Белоруссия, Қырғыз Республикасы, Молдавия, Тәжікстан, Түркменстан, Украина, Грузия және Қазақстан, сондай-ақ Франция, Ирландия, Португалия, Канада және Ұлыбритания елдерінің ХЭА өкілдері және Дания, Польша, Украина елдерінің INOGATE бағдарламасының сарапшылары да қатысты. Тренингтің басты тақырыптары: ұлттық және халықаралық статистика, энергетикалық статистиканы құру ұлттық әдістерін талқылау, мұнай, газ, көмір, жаңғыртпалы энергия көздері, электр және жылу энергиялары бойынша статистикасы.
Сондай-ақ энергия тиімділігін талдау, энергетикалық мәліметтер негізінде СО2 шығындыларын бағалау сұрақтарын талқыланды. Тренинг қорытындысында барлық қатысушыларға сертфикаттар берілді.