Шаралар

ASTANA MINING & METALLURGY 2019

12 маусым 2019 ж.
ASTANA MINING & METALLURGY 2019

Astana Mining & Metallurgy 2019

2019 жылғы 12-13 маусымда Астана тау-кен өндіру және өңдеу өнеркәсібінің өзекті мәселелерін талқылайтын орталық алаңға айналады - жаз басында "Astana Mining & Metallurgy" (AMM) мерейтойлық конгресі мүлдем жаңа форматта өтеді. Жаңартылған іс-шараны өткізу орны "ЭКСПО-2017" көрме кешенінің аумағында орналасқан "Hilton Astana Hotel"болады.

 

Қазақстан үшін айтулы оқиғаға айналған «AMM» конгресі өткізу форматын таныстырылымнан пікірталас алаңына өзгертеді. 60-тан астам әлемдік сарапшылар, олардың ішінде мемлекет және қоғам қайраткерлері, әлемге әйгілі ғалымдар, ірі компаниялардың бас атқарушы директорлары (CEO) делегаттармен тау-кен металлургия саласының негізгі мәселелері мен даму перспективаларын талқылайды.

 

"AMM" Конгресінің негізгі мақсаты - цифрландыру және инвестициялық мүмкіншіліктер. Бағдарлама әртүрлі тақырыптар бойынша сессиялар мен панельдік пікірталастарды қамтитын болады, оның ішінде "Өндіру мен өңдеуді цифрландыру, тау-кен металлургия кешеніндегі (ТКМК) өндірістік процестердің тиімділігін арттыру); "Инвестициялар тарту және минералдық-шикізат базасын толықтыру»; "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" жаңа Кодекстегі құқықтық реттеудің тартымды аспектілері "; "Қазақстанның әлеуетті инвесторлар үшін инвестициялық мүмкіндіктері". Сондай-ақ, үлкен төрттік компаниялар өз елдерінің тау-кен өнеркәсібі бойынша арнайы дайындалған шолуын ұсынады.

 

 


ГЧП
Cuba Cuba Cuba Cuba
Left Arrow
Right Arrow