Шаралар

«Қазақстандағы ЭСКО нарығын дамыту бойынша энергетикалық симпозиум» тақырыбында қорытынды семинар

17 қараша 2016 ж.
«Қазақстандағы ЭСКО нарығын дамыту бойынша энергетикалық симпозиум» тақырыбында қорытынды семинар

Бүгін, 17 қарашада, Неміс Энергетикалық Агенттігі Dena (бұдан әрі - Dena) мен «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу Институты» АҚ (бұдан әрі - Институт)ұйымдастырған, Германия мен Ресейден келген маңызды сарапшылардың қатысуымен, «Қазақстандағы ЭСКО нарығын дамыту бойынша энергетикалық симпозиум» тақырыбында қорытынды семинар өтті.

Семинар ЭСКО энергия тиімділігі мен энергия үнемдеу саласындағы жетекші еуропалық компаниялардың тәжірибесін қарастыру және іске асыру мақсатымен өтті.

Қазақстанда энергия сервистік нарығын дамыту бойынша ұсыныстарды талдау және дамытуға бағытталған институтпен тығыз ынтымақтастық туралы Dena Халықаралық ынтымақтастық бойынша Директоры, Наргис Вик ханым алғы сөз айтты.  Осы ынтымақтастық шеңберінде сарапшы кездесулер өтті, сондай-ақ Институттын 2 мамандарын Dena-да (Берлин қ-да) дайындау өтті.

Бірінші сессия ҚР ИДМ-нің энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру басқармасының басшысы - О. Алибеков ашты. Өз сөзінде О. Алибеков ҚР ИДМ-гі өзінің «Транспорт Тауэр» ғимаратының жарықтандыруын жаңғырту жобасын іске асыратынын атап өтті.

Бұл болашақта мемлекеттік секторда энергетикалық жобаларды дамыту үшін үлгі болатын мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетіктерімен бірге энергия сервистік келісім-шарт негізіндегі алғашқы жоба болып табылады.

Семинардын жұмысы барысында Институттын өкілі, сараптама, басқару және мониторинг орталығының Директоры А. Кабыкенов баяндамамен сөз айтты. Өз баяндамасында А. Кабыкенов Институт миссиясын, МЖӘ тетігін және Энергетикалық Картасы туралы түсіндіруді берді.

Dena жобасынын басқарушысы Др. Карстен Линдлофф өз сөзінде «Энергосервис: Германияда қалай жасалады», Германияның ЭСКО нарықтық Еуропалық Қоғамдастықтың энергетикалық қызметтердің ең дамыған саласы болып табылады деді ол. Бүгінгі күні, жыл сайынғы айналымы € 3-4 млрд, нарықтын өсуі 5-10%.

«Айти Энергофинанс» Бас директоры П. Сотуленко энергетикалық қызметтерді дамытуының 5 күтпеген кедергілерін бөлді, Ресей ауқымды энергия сервистік жобаларды жүзеге асыру қызықты тәжірибесімен бөлісті: келісім-шарт мерзімін, қала бюджеті туралы шарттың нысанын, ережелері мен жарықтандыру бақылау.

Семинардың негізгі аудиториясы Қазақстан орталық мемлекеттік органдары, Қазақстандық компаниялардың ЭСКО және халықаралық ұйымдардың өкілдері болды.

Семинар соңында Қазақстанда ЭСКО нарығын дамыту жөніндегі барлық қатысушылардың нақты ұсыныстар мен ұсынымдар көрсететін болады қаулы туралы шешім қабылдады.

Суреттер


ГЧП
Cuba Cuba Cuba Cuba
Left Arrow
Right Arrow