Шаралар

II Халықаралық энергия үнемдеу форумы

29 қараша 2019 ж.
II Халықаралық энергия үнемдеу форумы

II Халықаралық энергия үнемдеу форумы

Энергия үнемдеу форумы туралы

2008 жылғы 11 қарашада "Ресурстар мен энергияны пайдалану жөніндегі мектеп жобасы" (SPARE) халықаралық экологиялық желісінің бастамасы бойынша Энергия үнемдеу күні (International Day of Energy Saving) болып жарияланды. Бұл мерекені құру туралы шешім 2008 жылдың сәуір айында Қазақстанда өткен SPARE үйлестірушілерінің халықаралық кеңесінде қабылданды.

Мемлекет басшысы өз Жолдауында еліміздің ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту және энергия тиімділігі бойынша талаптарды арттыру бойынша міндеттер қойды. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері экологияның, қоршаған ортаны қорғаудың және табиғи ресурстарды ұтымды пайдаланудың ажырамас бөлігі болып табылады.

Энергия үнемдеу жөніндегі халықаралық форум халықаралық энергия үнемдеу күнін атап өтуге арналған. 2019 жылы Форум екінші рет өтеді. Форум мемлекеттік органдар, әкімдіктер, ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар, энергоаудиторлық және энергосервистік компаниялар өкілдерінің және алыс - жақын шетел сарапшыларының пайдалы байланыстары мен тиімді іскерлік қарым-қатынасын қалыптастыруға көмектеседі.

«Бүгінде энергия тиімділігі - бұл жаһандық жасыл экономиканың басты тенденцияларының бірі екендігі туралы ешқандай күмән жоқ».

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары

Роман Скляр


ГЧП
Cuba Cuba Cuba Cuba
Left Arrow
Right Arrow