Шаралар

«Энергия тиімділік – Қазақстан қалаларынын тұрақты дамуынын негізі» тақырыбындағы республикалық семинар-жиналысын өткізу қорытындысы

06 қазан 2016 ж.
 «Энергия тиімділік – Қазақстан қалаларынын тұрақты дамуынын негізі»  тақырыбындағы республикалық семинар-жиналысын өткізу қорытындысы

     Бүгін, 2016 жылының 6 қазанында, Мэриотт Астана қонақ үйінде 200-ден астам республикалық және халықаралық дәрежедегі сарапшылар «Энергия тиімділік – Қазақстан қалаларынын тұрақты дамуынын негізі» тақырыптағы семинар-кеңес шеңберінде ынтымақтастық және тәжірибе алмасу мәселелерін талқылау үшін жиналды. Бұл семинар Қазақстанда энергия үнемдеу саясатының, энергия тиімділігін дамыту және энергия сервис нарығын құру бойынша бірлескен жұмыс шеңберінде БҰҰ-ның Даму бағдарламасының қолдауымен «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу Институты» АҚ ұйымдастырды. Семинар идеясы бірінші кезекте қазірдің өзінде сарапшылар арасында энергия үнемдеу, халықаралық инвесторларды тарту, сондай-ақ одан әрі ынтымақтастық бойынша бірлескен шешімдер қабылдау саласында жинақталған тәжірибемен алмасу және таратуда болды.

     Пленарлық сессиянын ашлуында кіріспе сөзімен сөйлегендер: ҚР Бірінші Инвестициялар және Даму Вице-Министрі - Рау А.П., Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымынын Даму бағдарламасының Тұрақты өкілінің көмекшісі - Ирина Горюнова, жәнеде «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ қордың Басқарма төрағасы - Тулеушин К.А. Семинарда арнайы қонқ болып Қазақстан Республикасындағы Нидерланды Елшісі Дирк Ян Коп мырза сөз сейледі.

«Энергия сервистік келісімшарттар бойынша халықаралық деңгейде танылған тетігі арқылы энергия үнемдеу саласындағы стратегиялық инвесторларды тарту» Ұлт жоспарынын 59 қадамын іске асыру мақсатында өзара тиімді екі жақты ынтымақтастықты кеңейту мақсатында «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу Институты» АҚ мен, Қазақстанда энергия сервис механизмін дамытуында стратегиялық инвестор болып табылатын, «Philips» ұлтаралық технологиялық компаниясы арасында Меморандумға қол қойылды.

Сонымен қатар Институт «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры» АҚ-мен энергия үнемдеу және энергия тиімділікті арттыру саласынба өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, ол шағын және орта бизнестін «Жасыл жобаларын» қаржыландыратын болады, бұл, әрине, ЭСКО тетігі дамуына серпін береді. Бұл климаттың өзгеруіне ықпал ететін салдарын жеңілдетуге, энергия ресурстарын ұтымды тұтынуға, энергия үнемдеуге, энергия тиімділігін арттыруға және қоршаған ортаны қорғауға себептесетін жобалар категориясы.
     Бірінші отырыс, энергия үнемдеу саласында халықаралық тәжірибе алмасуға арналған, ҚР ИДМ энергия үнемдеу және энергия тиімділікті арттыру басқармасынын басшысы – Әлібеков О. ашты, ол Қазақстанда энергия үнемдеу саясатын еңгізу отандық тәжірибесі туралы айтты. Австрия қолданбалы ғылым Университетінің аға кеңесшісі Кристиан Оберлеитнер мырза қызықты тәжірибемен бөлісті. Өзінің «Украина ТКШ саласында энегия тиімділікті қаржыландыру – Қазақстан үшін шабыттандырғыш үлгі» тақырыбына сөз сөйлеу кезінде Оберлеитнер мырза Украина энергия сервистік компаниялардың алдында тұрған негізгі қаржылық кедергілер туралы айтты. Бұл тәжірибе қазақстандық энергия сервис компанияларына пайдалы, себебі екі елдін нарықтын жағдайы тариф құрастыру жағынан, жәнеде энергия сервистік жобаларды несилендіру жағынан ұқсайды.
     Азия Даму Банкінін МЖС саласында сарапшысы, Али Рахим Малик, «Asia Pacific Project Preparation Facility-мен таныстыру » (әрі қарай AP3F) баяндамасымен сөз айтты. Али Рахим Малик AP3F Қорынын негізгі мақсатын атап өтті - дамушы елдерге материалдық көмек, сондай-ақ қаржыландыру схемаларын, функциялары мен қорының демеуімен жобалар бағытына.
Ресейлік энергия сервис компаниялар Қауымдастығынын Бас директор орынбасары (РЭСКҚ) Мукумов Р., ресейлік энергия сервис нарығынын тәжірибесімен бөлісті. Өзінің мәлімдемесінде Мукумов мырза энергия сервис нарығының құрылымы мен ауқым өзекті сипаттамалар бойынша атап өтті. Ресейлік энергия сервис нарығы өз дамуын енді бастағанына қарамастан, бүгінгі күні әлеуетті тапсырысшылардың жоғары қызығушылығы байқалуда. Өған қарамастан Ресейде көше жарықтандыру энергия сервистік келісімшарттары белсемді дамуда.
     Семинар-кеңестің негізгі аудиториясын халықаралық, үкіметаралық, өңірлік және ұлттық үкіметтік емес ұйымдар, жергілікті билік ұйымдар, бизнес-құрылымдар, жәнеде энергия тиімділік саясатын жүзеге асыруға мүдделі сарапшылар құрайды.
     Республикалық семинар-кеңес соңында барлық қатысушылардан Қазақстанда энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша нақты ұсыныстар мен ұсынымдар дайындау туралы шешім қабылдады.


ГЧП
Cuba Cuba Cuba Cuba
Left Arrow
Right Arrow