Шаралар

«Энергетикалық тиімділікті өлшеу мен анықтау» семинарының қорытындысы

17 маусым 2016 ж.
«Энергетикалық тиімділікті өлшеу мен анықтау» семинарының қорытындысы

«Электр энергетикасын  дамыту және үнемдеу институты» АҚ базасында «Энергетикалық тиімділікті өлшеу мен анықтау. Энергетикалық ресурстарды үнемдеуді есептеу» тақырыбына мамандандырылған оқу семинары өткізілді.

Семинар жұмысына «Фирма Казэнергоналадка»  ЖШС, «Қазақстандық энергия үнемдеу мен энергия тиімділік ғылыми-зерттеу институты» ЖШС, "Батыс Су Арнасы" ЖШС,   «Energy Partner» ЖШС,  «Эл-Нур-Сервис» ЖШС, М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясы АҚ мен «Intelligent Competence Management»ЖШС қатысты.

Семинарды бапкер, Ресейдегі Энергетикалық әсерді өлшеу мен анықтау  (CMVP)  саласындағы Сертификатталған Кәсіпқой, РЭСКА энергиясервистік компаниялар Ассоциациясының Бас директорының орынбасары, энергия үнемдеу бойынша ЮНИДО Ұлттық сарапшысы, Энергиясервистік келісімшарттар саласындағы ПРООН сарапшы, ГОСТ Р 56743-2015 «Энергетикалық тиімділікті  өлшеу мен анықтау» авторларының бірі Мукумов Ремир Эркинович жүргізді.

 

Семинар барысында келесі тақырыптар қарастырылды: 

  • Өлшеу мен анықтау терминологиясы.
  • Өлшеу мен анықтау бойынша іс-шараларды жоспарлау мен енгізу процесі.
  • Өлшеу шектерін анықтау.
  • Базалық және есептік кезеңдерде өлшеу жүргізу кезеңінің ұзақтығын анықтау.
  • Базалық желіні қалыптастыру мен түзетуші факторлар мен қойылатын шарттарды анықтау.
  • Өлшеу мен анықтауды жүргізу әдістері, барынша тиімді әдісті таңдау қағидалары: Энергетикалық тиімділікті өлшеу мен анықтау жоспары мен оның мазмұны: Өлшеу мен анықтау бойынша есеп процедуралары.
  • А және В әдісі – бөлінген аймақта энергия үнемдеу жобасын жүзеге асыру жағдайы.
  • С әдісі –  өлшеудің бүкіл нысаны ауқымында энергия үнемдеу жобасын жүзеге асыру. 
  • D әдісі – математикалық модельдеу әдістерін қолдану.
  • Энергияресурстары бағасының өзгеруін есептеу процедуралары.
  • Базалық желінің тұрақты емес түзетілім процедуралары.
  • Өлшеу мен анықтау бойынша іс-шаралар шығынын бағалау.

Семинар аяқталған соң қатысушылар  осындай іс-шараларды өткізудің маңыздылығы туралы оң пікір білдіріп, оларға сертификаттар табысталды.  

 


ГЧП
Cuba Cuba Cuba Cuba
Left Arrow
Right Arrow