Шаралар

«ТМК энергиясервистік шарттары механизмін енгізу» тақырыбына арналған дөңгелек үстелді жүргізу қорытындысы

16 маусым 2016 ж.
«ТМК энергиясервистік шарттары механизмін енгізу» тақырыбына арналған дөңгелек үстелді жүргізу қорытындысы

Тау-кен ісі бойынша “Astana Mining and Metallurgy” халықаралық конгресі жыл сайын өзара тиімді әріптестікті дамыту, инновация енгізу мен инвестиция тарту үшін тау-кен-металлургия индустриясының әлемдік саяси, іскерлік, қаржы және ғылыми көшбасшыларының басын қосады.

 Ағымдағы жылдың 16 маусымында “Astana Mining and Metallurgy” тау-кен ісі бойынша 7-ші халықаралық Конгресі аясында  «Электр энергетикасын  дамыту және үнемдеу институты» АҚ  (бұдан әрі – Институт) мен dena Неміс Энергетикалық Агенттігі ұйымдастырған «ТМК энергиясервистік шарттары механизмін енгізу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму вице-министрі А. Рау құттықтау сөз сөйлеп,  Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асыру бойынша «100 нақты қадам» ұлт жоспарының 59 қадам «Энергиясервис шарттарының халықаралық мойындалған механизмі арқылы энергия үнемдеу саласына стратегиялық инвесторларды тартуды» жүзеге асыру аясында аталған іс-шараның маңыздылығын атап өтті. Модератор Институттың Басқарма Төрағасы А. Махамбет болды.

Дөңгелек үстел Dena Неміс Энергетикалық Агенттігінің халықаралық әріптестік бойынша директоры, Наргис Вик ханымның баяндамасымен басталды. «Энергетикалық революция әлеміндегі энергия тиімділік бойынша құралдар мен мысалдар» тақырыбында сөйлеген өз сөзінде Вик ханым бүгінгі таңда Германия энергия үнемдейтін ғимараттар мен үйлердің құрылысын қолдайтын, сондай-ақ, бар ғимараттарды олардың энергия тиімділігін арттыру мақсатында жаңартуға себеп болатын заң жобалары бар екендігін басып айтты. Айрықша назар энергияның жаңғырмалы көздерін пайдалануға бөлінсе, мемлекеттің энергетикалық теңгерімі құрылымында олар қолданылған энергияның жалпы көлемінің 9%-дан астам құрайды. Германия сондай-ақ, тек Германияда ғана кемес, ЕО мүше өзге мемлекеттерде де сәтті болып табылған KfW  энергия тиімділікті қаржыландырудың инновациялық жобасын жасады және жүзеге асырып келеді.

Ресей Энергиясервистік компаниялар Ассоциациясының (РЭСКА) бас директорының орынбасары Ремир Мукумов «Ресейдегі энергия үнемдеу: тәжірибе мен келешегі» тақырыбына баяндама жасады. Өз баяндамасында Мукумов мырза Ресейдің энергия үнемдеу мен энергия тиімділікті арттыру бойынша мемлекеттік саясатын, оның тұрғын үй шаруашылығындағы, құрылыс пен өнеркәсіптік сектордағы проблемаларын жария етті.

LUTRON америкалық компанияның өкілі Д. Поерстел мырза жеке диммерден бастап, ғимараттар мен кешендерді жарықтандыруды толықтай бақылауд бойынша жүйелерге дейін топтасқан компания құрған озық технологиялар туралы айтты, Қазақстан аумағында Институтпен бірлескен жобаны келесі жылы бастауға дайын екендіктерін жеткізді. Сондай-ақ, USAID, Siemens, Eurasian Resources Group,  «Эргономика и EБРР» ЖШС өкілдерінің баяндамалары тыңдалды.

Дөңгелек үстел Қазақстан нарығына халықаралық энергиясервистік компанияларды тарту, сондай-ақ, энергия тиімділік пен энергия үнемдеуді арттыру саласында озық әлемдік ЭСКО тәжірибесін енгізу мүмкіндігін тарту мақсатында өткізілді. Дөңгелек үстел барысында LUTRON компаниясының  Институтпен энергия үнемдеу мен энергия тиімділікті арттыру саласындағы өзара әріптестігі туралы Меморандумға қол қойылды.

Дөңгелек үстел жұмысы аяқталған кезде Қазақстандағы энергия үнемдеу мен энергия тиімділікті арттыру бойынша барлық қатысушылардан нақты ұсыныстар қабылданатын қарар дайындау туралы шешім қабылданды.

 


ГЧП
Cuba Cuba Cuba Cuba
Left Arrow
Right Arrow