Шаралар

POWEREXPO ALMATY 2019

23 қазан 2019 ж.
POWEREXPO ALMATY 2019

Powerexpo Almaty 2019

Қазақстандық Powerexpo Astana халықаралық көрмесі энергетика, электротехника және энергетикалық машина жасау саласындағы жабдықтарды, технологиялар мен қызметтерді көрсететін негізгі астаналық көрме алаңы болып табылады.

Powerexpo жобасын ресми түрде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі; Алматы қаласының әкімдігі; “Самұрық Энерго” АҚ; Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы “KEGOC” АҚ; Қазақстандық электр энергетикалық қауымдастығы - ҚЭҚ; Қазақстандық энергия аудиторлар қауымдастығы және Инженер-энергетиктер одағының қолдауымен ұйымдастырылды.

Powerexpo Almaty  көрмесіне қатысуға ғылыми-зерттеу, білім беру мекемелері, монтаждық және жобалық-конструкторлық ұйымдар; электротехникалық жабдықтардың; кабелді-өткізгіш өнімдердің; басқару, байланыс, релелік қорғаныс және автоматика жүйелерінің; диагностика және өлшеу құралдардың; жарық техникалық өнімдердің өндірісшілері және жеткізушілері шақырылады.

 

Powerexpo көрмесі «Машина жасау, Білдек жасау және Автоматтандыру» -MachExpo Kazakhstan, «Бұзбайтын сынау және техникалық диагностика» -NDT Kazakhstan және «Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік» - KIOSH  ірі өнеркәсіптік көрмелерімен бірге бір көрме алаңында өтеді. Көрмелерді бірлесіп өткізу мақсатында, барынша келушілер санын тартуға мүмкіндік береді.

 

Жыл сайынғы көлемді іскерлік бағдарлама мамандарды өнеркәсіптің түрлі салаларына арналған жаңа жабдықтармен және технологиялармен таныстырады.

 

Powerexpo Astana келушілері - Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан қалаларынан арнайы шақырылған делегацияларды қамтитын кәсіби аудитория, оның ішінде мемлекеттік құрылымдардың және мекемелердің өкілдері, ЖЭК кәсіпорындарының және инженерлік-техникалық қызметтердің басшылары; АЭК, ЖЭО, ГЭС басшылары, түрлі салалардағы өнеркәсіп кәсіпорындары мен коммуналдық шаруашылықтардың бас инженерлері және энергетиктері; жобалаушы, құрылыс, монтаждық ұйымдардың өкілдері; көліктік, сервистік және сауда кәсіпорындарының мамандары бар.


ГЧП
Cuba Cuba Cuba Cuba
Left Arrow
Right Arrow