Жаңалықтар

2016 жылы энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мемлекеттік саясатын іске асыру қорытындылары және 2017 жылға арналған жоспарлар жөніндегі жұмыс кеңесі

14 ақпан 2017 ж.
2016 жылы энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мемлекеттік саясатын іске асыру қорытындылары және 2017 жылға арналған жоспарлар жөніндегі жұмыс кеңесі

Ағымдағы жылғы 10 ақпанда Павлодар облысында "Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты" АҚ (бұдан әрі - Институт) Павлодар облысының энергетика және ТКШ басқармасымен бірлесіп, Павлодар облысының энергетика және ТКШ басқармасы басшысының м.а. М. Бегентаевтың төрағалығымен 2016 жылы энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттырудың мемлекеттік саясатын іске асыру қорытындылары және 2017 жылға арналған жоспарлар жөнінде жұмыс кеңесін өткізді.

Кеңеске облыстық басқармалардың, қалалар мен аудандар әкімдіктерінің, өнеркәсіп кәсіпорындарының, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Кеңес барысында Институттың деректерді жинау және өңдеу орталығының директоры Е.А. Боқаев институттың энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мемлекеттік саясатын іске асырудағы, мемлекеттік энергетикалық тізілімді қалыптастыру мен жүргізудегі рөлі туралы баяндады.

Сондай-ақ, кеңесте энергия тиімділігі картасын қалыптастыру және жүргізу мәселелері қаралды.

Кеңес қорытындысы бойынша қатысушылар энергия аудитін өткізу рәсімі және энергия тиімділігі картасына жобаға өтінім беру, энергия сервистік шарттар тетігінің жұмысы, МЖӘ қағидаттары бойынша сервистік келісімшарттардың қолданылуы, сондай-ақ "МЭТ ААЖ"автоматтандырылған жүйесі туралы толық ақпарат алды.


ГЧП
Cuba Cuba Cuba Cuba
Left Arrow
Right Arrow