Жаңалықтар

2016 жылы энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мемлекеттік саясатын іске асыру қорытындылары және 2017 жылға арналған жоспарлар жөніндегі жұмыс кеңесі

17 ақпан 2017 ж.
2016 жылы энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мемлекеттік саясатын іске асыру қорытындылары және 2017 жылға арналған жоспарлар жөніндегі жұмыс кеңесі

Ағымдағы жылғы 15 ақпанда Өскемен қаласында Шығыс қазақстан облысы әкімінің орынбасары С.Қ. Ақтановтың төрағалығымен "Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты (Қазақэнергиясараптама)" АҚ (бұдан әрі-Институт) өкілдерінің қатысуымен 2016 жылы энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мемлекеттік саясатын іске асыру қорытындылары мен 2017 жылға арналған жоспарлары жөнінде жұмыс кеңесі өтті.

Кеңестің негізгі аудиториясын Жергілікті атқарушы органдардың, ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың басшылары және Шығыс қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері құрады.

Кеңес барысында деректерді жинау және өңдеу орталығының директоры Е. А. Боқаев, институттың жобаларды сараптау, басқару және мониторингілеу орталығының директоры А. А. Қабыкенов және МЭТ ААЖ ("Қазақстандық ГАЖ орталығы" ЖШС) жобасының менеджері Е. Т. Джумабаев сөз сөйледі.

ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 264 бұйрығына сәйкес энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін бағалау нәтижелеріне сәйкес Шығыс қазақстан облысы 29 балмен Қазақстанның басқа өңірлері арасында рейтингте 2-орында тұр.

Кеңес қорытындысы бойынша С.Қ. Ақтанов Мемлекет Басшысының тапсырмаларын, энергия үнемдеу және Шығыс Қазақстан облысының 2020 жылға дейінгі энергетикалық тиімділігін арттыру жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру бойынша облыстық басқармалар басшыларының, қалалар мен аудандар әкімдерінің алдына нақты міндеттер қойып, өнеркәсіптік кәсіпорындар мен МЭТ субъектілерін энергия ресурстарын үнемдеу жөніндегі жұмысты жандандыруға, талқыланатын мәселе бойынша қызмет саласына қатысты нормативтік-құқықтық актілер талаптарын қатаң орындауға шақырды, институтпен одан әрі жемісті өзара ынтымақтастыққа сенім білдірді.


ГЧП
Cuba Cuba Cuba Cuba
Left Arrow
Right Arrow