Жаңалықтар

2016 жылы энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мемлекеттік саясатын іске асыру қорытындылары және 2017 жылға арналған жоспарлар жөніндегі жұмыс кеңесі

10 наурыз 2017 ж.
2016 жылы энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мемлекеттік саясатын іске асыру қорытындылары және 2017 жылға арналған жоспарлар жөніндегі жұмыс кеңесі

Бүгін, 10 наурызда Жамбыл облысы әкімдігінде 2016 жылы энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мемлекеттік саясатын іске асыру қорытындылары мен 2017 жылға арналған жоспарлар жөнінде жұмыс кеңесі өтті.

Кеңесті өткізудің негізгі мақсаты "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының негізгі ережелерін түсіндіру, мемлекеттік энергетикалық тізілімді қалыптастыру және жүргізу, МЭТ субъектілерінің энергия аудиті рәсімінен өтуі, энергия тиімділігі картасын қалыптастыру және жүргізу, энергия сервистік шарттар тетігі арқылы энергия үнемдеу саласындағы жобаларды іске асыру және МЖӘ қағидаттары бойынша сервистік келісімшарттарды қолдану болып табылады.

Кеңесте " Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты "АҚ атынан деректерді жинау және өңдеу орталығының менеджері Ш. С. Бөкенбаев, жобаларды сараптау, басқару және мониторинг орталығының менеджері Е. К. Көпекбаев сөз сөйледі.


ГЧП
Cuba Cuba Cuba Cuba
Left Arrow
Right Arrow