Жаңалықтар

2017 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасындағы жарықтандыру нарығы

19 шілде 2018 ж.

 

Жүргізілген талдаудың мақсаты болып Қазақстан Республикасындағы жарық техникалық бұйымдар нарығының жай-күйін бағалау және 2007-2017 жылдар кезеңінде жарық технологияларды импорттау/экспорттау көлемдері бойынша сыртқы экономикалық қызметті талдау табылады.

2017 жылы шамдардың қазақстандық нарығы құндық мәнде 3,5 млрд. теңгені құрады (бір доллар үшін 330 теңге мөлшерінде - 10,823 млн. АҚШ доллары), бұл 2007 жылмен салыстырғанда 890%-ға көтерілуді, ал 2016 жылмен салыстырғанда - 29,5%-ға төмендетуді көрсетеді. 2017 жылы шамдарды импорттау 121,658 миллион бірлікті құрап, құндық мәнде 15,99 миллион долларды құрады, экспорт көлемі 800 919 шамдар бірлігін құрады немесе құндық мәнде 585 мың доллар.

Көрсетілген кезеңдегі шамдарды импорттаудың өсуін талдай отырып,                10 жыл ішінде импорт көлемінің 207 %-ға немесе құндық мәнде 6,2%-ға ұлғаюын атап өтуге болады.

 

 

 

 

Сандық мәнедегі шамдар экспортының динамикасы 2007 жылдан бастап 2013 жылға дейін өсімді көрсетті, алайда келесі үш жылда шамдардың экспорты елеулі азайды. Бұл, бірінші кезекте, жарық диодты шамдарды экспорттаудың төмендеуіне байланысты. 2017 жылы шамдар экспортының сандық көлемі елеулі өзгерді, бұл 2013 жылғы деңгейден 92 % өсуді құрап, құндық мәнде экспорттың өсуі шамамен 358 % құрады.

 

 

Қарастырылған кезең үшін сандық мәндегі орташа импорт жылына 63,7 миллион дананы құрды. Сонымен қатар, егер 2007 жылы нарық үлесінің 88,7%- қыздыру шамдар құраса, онда 2017 жылы нарық үлесінің 85,8% бүгінгі күні ең энергия үнемдейтін болып табылатын жарық диодты шамдарды құрайды. Бұдан басқа, 2015 жылға дейін люменисценттік шамдар импортының елеулі ұлғаюы байқалды, олар сол кезде қыздыру шамдарын жақсы ауыстырады деп саналды және негізінен кеңседе және қоғамдық орындарда пайдаланылған және пайдаланып жатыр.Бірақ жарықдиодты өнімдерінің белсенді дамуы кезінде 2016 жылдан бастап флуоресцентті лампалардың импортының төмендеуі байқалады. Сондай-ақ, 2012 жылы қабылданған «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасында шамдар нарығының дамуына және құрылымына әсер еткен басты фактор болып табылғанын атап өту жөн.

Жоғарыда аталған заңға сәйкес, 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап 25 Вт және одан жоғары қуаты бар электр қыздырғыш шамдарды сату және өндіруге тыйым салынды. 2014-2017 жылдар кезеңінде сандық мәнде шамдар импортының жалпы құрылымы елеулі өзгерістерге ұшырады. Импорт құрылымы 3-суретте көрсетілген.

 

 

 

Егер 2007 жылы импорта негізгі үлеске қыздыру шамдары ие болып отырса - 88,7%, 2012 жылы олар 74,2% тең үлеске ие болды, онда 2017 жылы олардың үлесі тек 6,5% құрайды. Екі цокольдық люминесцентті шамдарға қатысты - 2007 жылы олардың үлесі 7,6% тең, 2012 жылы - 6,4%, ал 2017 жылы олардың үлесі тек қана 1,7% құрайды. Импортта ең үлкен өсуді жарық диодты шамдар - 2007 жылы 0,2%-дан 2017 жылы 85,8%-ға дейін көрсетеді.


ГЧП
Cuba Cuba Cuba Cuba
Left Arrow
Right Arrow