Жаңалықтар

«Электр энергетикасын дамыту және үнемдеу институты» АҚ «Филипс жарықтандыру шешімдері Қазақстан»-мен екіжақты кездесуі

27 қыркүйек 2016 ж.
 «Электр энергетикасын  дамыту және үнемдеу институты» АҚ  «Филипс жарықтандыру шешімдері Қазақстан»-мен екіжақты кездесуі

Ағымдағы жылдың 6 қазан күні өтетін «Энергиятиімділік – Қазақстан қалаларын тұрақты дамытудың негізі» тақырыбына арналған республикалық семинар-жиналыс қарсаңында «Электр энергетикасын  дамыту және үнемдеу институты» АҚ  «Филипс жарықтандыру шешімдері Қазақстан» арасында екіжақты кездесу өткізілді.

 Келіссөздер барысында Қазақстан аумағында энергия үнемдеу мен энергиятиімділікті арттыру саласындағы өзара әріптестік болашағы талқыланды.

 «Филипс жарықтандыру шешімдері Қазақстан» муниципиалдық энергиясервистік келісімшарттар нысанында қалалық жарықтандыруды жаңарту жобаларын жүзеге асырумен айналысады, сондай-ақ, ірі энергиясервистік жобаларды жүзеге асыруда тәжірибесі бар Ресейде санаулы компаниялардың бірі болып табылады. Мысалы, Курск қ. жоба – жүзеге асырудың жоғары сапасын растаған, Еуропалық банктің  қайта құрастыру мен даму сараптамасынан сәтті өткен Ресейдегі алғашқы және жалғыз энергиясервистік келісімшарт.

 «Филипс жарықтандыру шешімдері Қазақстан» өкілдері Г. Ерденова мен П. Сотуленко Республикалық семинар-жиналысқа спикер ретінде қатысады.



ГЧП
Cuba Cuba Cuba Cuba
Left Arrow
Right Arrow