Жаңалықтар

Алматы облысындағы үш әлеуметтік нысан энергия тиімділігін арттыру бойынша жаңғыртуды аяқтады

29 наурыз 2019 ж.
Алматы облысындағы үш әлеуметтік нысан энергия тиімділігін арттыру бойынша жаңғыртуды аяқтады

3 модер0V8A76103 моднрнтзац3333

Өтетін орны: Алматы облысы.

Қапшағай қаласындағы «№3 орта мектеп» Мемлекеттік коммуналдық мекемесі;

Мемлекеттік мекемесінің «Ақбота» бөбекжай- балабақшасы Мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, Іле ауданы, Байсерке ауылы;

«Алматы облысы білім басқармасының Қаратал ауданы бойынша білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесінің «Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Жаңаталап орта мектебі Ұмтыл бастауыш мектебімен» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі; Қаратал ауданы, Жаңаталап ауылы.

 

Бүгін Қазақстандағы Дүниежүзілік банктің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінің өкілдері Алматы облысының әкімдерімен бірге энергия тиімділігін арттыру мақсатында жаңғыртудан өткен үш білім беру мекемесін ресми түрде таныстырды. Енді 1500-ден астам балалар мен осы әлеуметтік нысандардың қызметкерлері жылыту, сумен жабдықтау және жарықтандыру жақсартылған жайлы бөлмелерде оқитын болады.

Бүгінгі таңда «Қазақстанда энергия тиімділігін арттыру» жобасы аясында аталған объектілерде шатыр жөнделді, термореттелетін жылыту жүйелері мен автоматты жылу пункттері орнатылды, терезелер, есіктер мен жарықтандыру жүйелері ауыстырылды, қасбеттің тігістері жылытылды, крандар сенсорлық араластырғыштарға ауыстырылды.

«Жоғары энергия сыйымдылығы ел үшін экономикалық бәсекеге қабілеттілік, халықтың денсаулығы және қоршаған орта тұрғысынан айтарлықтай шығындарға әкеледі. Осы жоба арқылы біз экономикалық тиімді жаңа қондырғылардың көмегімен муниципалитеттерге көмірқышқыл газын шығаруды азайту арқылы ауа сапасын жақсартуға, сондай-ақ энергия шығынын төмендету арқылы бюджетті едәуір үнемдеуге болатындығын көрсеткіміз келеді »,  - деп атап өтті Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы Тұрақты өкілі Ато Браун.

«Қазақстанда энергия тиімділігін арттыру» жобасын іске асырудың екі жыл ішінде бүкіл Қазақстан бойынша 44 әлеуметтік нысан (балабақшалар, мектептер мен ауруханалар) іріктелді. Жоба қоғамдық және әлеуметтік мекемелерде энергия тиімділігін арттыруға және энергия тиімділігін тұрақты қаржыландыру үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Жыл сайын денсаулық сақтау, білім және Ұлттық экономика министрліктерінің өкілдерінен тұратын басқару комитеті муниципалитеттер модернизациялау үшін ұсынатын энергияны көп қажет ететін нысандарды таңдайды. Үкіметтің энергия тиімділігі секторына стратегиялық инвесторларды тарту жөніндегі күш – жігерін қолдау үшін жақында «МЖӘ-ЭСКО» (энергия сервистік компаниялар) пилоттық схемасы бойынша өтінімдерді қамтитын келесі жаңа кезең жарияланды.

Қазақстандағы энергия тиімділігін арттыру жөніндегі жобасы Швейцария Үкіметі мен Швейцарияның Даму және ынтымақтастық агенттігінің Дүниежүзілік Банк басқаратын Траст қоры арқылы 21,76 миллион АҚШ доллары мөлшеріндегі гранттық қолдау тапты. Қатысушы агенттіктер, коммуналдық қызметтер мен муниципалитеттердің қаржыландыруы 1,3 миллион АҚШ долларын құрайды.

Төрт жылдық Жобаны (2015-2019 жж.) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жанындағы «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты (Қазақэнергиясараптама)» АҚ жүзеге асыруда.


ГЧП
Cuba Cuba Cuba Cuba
Left Arrow
Right Arrow