Жаңалықтар

«Қазақэнергиясараптама» АҚ бірінші санат бойынша электр зертханаларын және энергетикалық сараптама жүргізуге аккредиттелген

01 тамыз 2012 ж.

«Қазақэнергиясараптама» АҚ электр зертханаларын және энергетикалық сараптама жүргізу туралы №000001 2012 жылдың «22» маусымда берілген  Куәлігіне сәйкес, бірінші санат бойынша аккредиттелген.

Осы санат энергия жеткізуші ұйымдар мен электр және жылу энергиясын тұтынушыларының электр қондырғыларының қуаты 500 кВА (КилоВольтАмпер) дейін және одан да жоғары және (немесе) жылу  қондырғыларының қуаты 1 Гкал/сағ (Гигакаллорий сағатына) дейін және одан да жоғары қосылған ұйымдарға энергетикалық сараптама жүргізуге құқық береді.

Премьер-Министрдің Орынбасары – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің 2012 жылғы 12 қаңтардағы № 6 бұйрығымен бекітілген Энергетикалық сараптама өткізетін ұйымдар мен электр зертханаларын аккредиттеу ережесіне сәйкес, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті аккредиттеуді жүргізеді.


ГЧП
Cuba Cuba Cuba Cuba
Left Arrow
Right Arrow