Жаңалықтар

Сингапурда Asia Regulatory Forum и Asia Clean Energy Summit 2016

31 қазан 2016 ж.
Сингапурда Asia Regulatory Forum и Asia Clean Energy Summit 2016

2016 жылы, 24-28 қазан аралығында, Сингапурда энергетиканы дамыту, энергия тиімділігін, жаңартылатын энергия көздерін дамыту, сондай-ақ тариф құру сұрақтары бойынша Азия Заңнама Форумы өтті.

Форум коммерциялық емес Sustainable Energy Association of Singapore (бұдан әрі-SEAS) бизнес ассоциация бастауымен өткізілді, ол жаңартылатын энергия көздері саласындағы компаниялар, энергия тиімділік және қаржы институттары үшін платформа ұсынады және мүдделерін білдіреді. Бастамашыларының идеясы Азия даму банкі мен Сингапур Үкіметінің тарапынан қолдау тапты.

Форум жұмысына Орталық және Оңтүстік-Шығыс Азия, Таяу Шығыс және Океания, соның ішінде Азия-Тынық мұхиты аймағының 40-тан астам өкілдері қатысты. Қазақстанды ҚР Энергетика Министрлігі, мемлекеттік әртараптандырылған электроэнергетика холдингі «Самұрық-Энерго», сондай-ақ энергия үнемдеу және энергия тиімділігін дамыту жөніндегі ұлттық институты (бұдан әрі институты) өкілдері ұсынды.

Бірінші күні пленарлық отырысы барысында тұрақты дамудың маңызды бағыты ретінде жаңартылатын энергия көздерін және энергия тиімділігін арттыру саласындағы Азия елдерінің ұлттық саясаттының негізгі ережелері таныстырылды. Қазақстандық делегация сондай-ақ жаңартылатын энергия және энергия тиімділігін арттыру саласындағы саясатты және энергия тиімділігін арттыру саясатын дамыту туралы баяндады.

Азиялық Таза Энергия Саммитінің әсерлі және белгілі болып келесі үш күндері болды, онда Азия елдерінің тұрақты энергетика саласындағы негізгі тенденциялар мен кең ауқымды әзірленулер айтылды. Азия дамыған елдерінің негізгі акценті күн энергиясын насихаттау, инновациялық энергетикалық жинақтауыштар, заттар интернеттін дамыту және энергия тиімділігін насихаттау.

Форумның практикалық нәтижесі Сингапур үкіметі ЭКСПО-2017 көрмесіне өзінің қатысуын ресми жариялағаны туралы жаңалық болды. SEAS технологиялық және ақпараттық данадан тұратын көрме залын ұсынатын болады. Осыған байланысты, ЭКСПО-2017 шеңберінде SEAS Қазақстан Республикасында энергия тиімділігі және жаңартылатын энергия көздерін дамытуға жәрдемдесу тұрақты энергетика бойынша Институтпен және басқа да органдармен ынтымақтасуға дайын.

IMG_6937

IMG_6933

IMG_6938

IMG_6934



ГЧП
Cuba Cuba Cuba Cuba
Left Arrow
Right Arrow