Жаңалықтар

Астана қаласында "Қазақстандағы энергиялық тиімді қалалық жарықтандыру" тақырыбына дөңгелек үстел

10 қазан 2017 ж.
Астана қаласында "Қазақстандағы энергиялық тиімді қалалық жарықтандыру" тақырыбына дөңгелек үстелАстана қаласында "Қазақстандағы энергиялық тиімді қалалық жарықтандыру" тақырыбына дөңгелек үстел

Бүгін, 10 қазанда, Астана қаласында "Қазақстандағы энерготиімді қалалық жарықтандыру"тақырыбында бірінші дөңгелек үстел өтті.

"Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты (Қазақэнергиясараптама)" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары С.А. Турчекенов алғы сөз сөйлеп, Қазақстанда энергия үнемдеу технологияларын енгізе отырып, көшені жарықтандыруды толық жаңғырту үшін барлық алғышарттар бар екенін, жарық техникасы өнімдерінің өндірісі құрылғанын, жергілікті атқарушы органдар белсенді позиция мен қалалық жарықтандыруды жаңғыртуға ниет білдіріп отырғанын атап өтті. Ол үшін көшені жарықтандыруды жаңғырту жобаларын жоспарлау және іске асыру кезінде барлық мүдделі тараптардың құзыретін арттыру қажет.

Дөңгелек үстел барысында көшелерді жарықтандыру құралдары талқыланды.

Негізгі аудиторияны мыналар құрады: МЖӘ модельдері бойынша сарапшылар, энергия сервистік компаниялардың басшылары, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері және МЖӘ жобаларын іске асыруға мүдделі тұлғалар.


ГЧП
Cuba Cuba Cuba Cuba
Left Arrow
Right Arrow