Жаңалықтар

«Қазақстанда Энергия Тиімділігін Арттыру» Жобасы Баспасөз-Жаршысы

16 қараша 2015 ж.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасын орындау үшін 2014 жылғы 18 маусымда Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 19 сәуірдегі Заңымен ратификацияланған, «Қазақстанда энергия тиімділігін арттыру» жобасы жөнінде (бұдан әрі – Жоба) Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Халықаралық Қайта жаңарту және Даму Банкі арасында кепілдік туралы Келісімге қол қойылған болатын. АҚШ-тың 21,7 млн. долларды құрайтын кепілдік қаражатын Дүниежүзілік банктің әкімшілік етуімен даму және ықпалдасу бойынша Траст қоры арқылы Швейцария агенттігі ұсынған. Жобаны Атқарушы Агенттігі ретінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар мен даму министрлігінің еншілес ұйымдастырушысы болып табылатын, «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты (Қазақэнергиясараптама)» АҚ болады.

Жоба энергетиканы орнықты қамтамасыз ету мен техникалық зерттеу жүргізуге көмек көрсету, энергияға көрнекті пайданы және шығындарды үнемдеуді көрсету мақсатында мектеп, бала-бақша, аурухана, сондай-ақ көше жарықтарын жаңғырту сияқты мемлекеттік мекемелер мен әлеуметтік салалар объектілерінде энергия тиімділігін арттыруға бағытталған. Жөндеу жұмыстарына арналған (есіктер мен терезелер, жылу және жарықтандыру жүйелерін ауыстыру, ғимараттарды жылыту бойынша іс-шаралар) алғашқы объект ретінде Атырау, Шығыс-Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар облыстарында (8 мектеп пен 11 мектепке дейінгі мекеме) 2016 жылға 19 объект алынған болатын.

Шығыс-Қазақстан облысында екі объект таңдап алынды: «Өскемен қаласының мамандандырылған мектепке дейінгі балалар үйі» ММ-сі мен «Шығыс-Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы  Өскемен қаласының мамандандырылған балалар үйі» ШЖҚ МҚК-ға энергия тиімділігін арттыруға және жылу мен электр энергия шығындарын қысқартуға бағытталған жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.

2015 жылғы 13 қарашада Өскемен қаласында «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты (Қазақэнергиясараптама)» АҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы С.А. Турчекеновпен және Жобаны іске асыру тобының басшысы Р.Х. Әмірғожина, Шығыс-Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Д.А Гариков, облыстық мәслихат хатшысы В.М. Головатюк, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шарушылық басқармасының басшылығы, білім беру, денсаулық сақтау және екі таңдап алынған объектілермен жұмыс кездесуі болды.

Кездесу барысында тараптар Жобаға қатысты мәселелерді талқылады, соның ішінде: іске асыру тетігі, жұмыс кестесі мен көлемі, сондай-ақ тұтастай энергия тиімділігі мәселелері. Тараптар алдағы ықпалдастық және келешектегі жұмыстар мен келіссөздер өткізу туралы келісті.

Жақын арада Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі 2017 жылы іске асырылатын объектілерді іріктеудің келесі кезеңдеріне кірісу жоспарлауда. Осыған байланысты жоғарыда көрсетілген басқармаларға, облыстық қалалар мен аудандардың әкімдеріне Жоба шеңберінде бөлінген гранттарға объектілерді қосу бойынша ұсыныстарын дайындау жөнінде жұмысты бастау қажеттігі туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. 


ГЧП
Cuba Cuba Cuba Cuba
Left Arrow
Right Arrow