Жаңалықтар

«Қазақстанда энергия тиімділігін арттыру» жобасын іске асыру

16 қазан 2020 ж.
«Қазақстанда энергия тиімділігін арттыру» жобасын іске асыру«Қазақстанда энергия тиімділігін арттыру» жобасын іске асыру«Қазақстанда энергия тиімділігін арттыру» жобасын іске асыру«Қазақстанда энергия тиімділігін арттыру» жобасын іске асыру«Қазақстанда энергия тиімділігін арттыру» жобасын іске асыру

Бүгін Петропавл және Көкшетау қалаларында «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ іске асырып жатқан «Қазақстандағы энергия тиімділікті арттыру» жобасының нысандары бойынша Дүниежүзілік Банктің Тұрақты өкілі Жан-Франсуа Мартоның екі күндік сапары аяқталды.

Нысандардың бірі-кезінде белгілі қазақстандық спортшы Александр Винокуров оқыған Солтүстік Қазақстан олимпиадалық резерв спорт интернат колледжі. Жоба аясында ғимараттың шатыры мен қабырғалары жылытылды, жылу пункті автоматтандырылды, жарықтандыру балалардың тұруы мен оқуы үшін үнемді жарықтандырумен ауыстырылды.

Көкшетау қаласындағы "Bilim-Innovation" лицей-интернатында, дарынды балаларға арналған №3 облыстық мектеп-интернатында және ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған №1 түзету мектебінде де ғимараттарды жаңғырту бойынша қажетті жұмыстар жүргізілді. Нәтижесінде жылу мен электр энергиясының шығындарын 10-12% үнемдеу байқалады.

Өз кезегінде Дүниежүзілік Банктің Тұрақты өкілі Жан-Франсуа Марто жекелеген мердігерлер мен әкімдіктің жұмыстарды қосымша қаржыландыру жөніндегі жеке бастамасын атап өтті. Бірлескен күш-жігердің арқасында ғимараттар қазір энергия тиімділігінің барлық талаптарына жауап береді.

Сондай-ақ, сапар қорытындысы бойынша «ЭЭДИ» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Серік Тұрчекенов «Қазақстанда энергия тиімділігін арттыру» жобасы энергия шығындарын үнемдеуді және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі шаралардың қаржылық өміршеңдігін көрсететінін атап өтті. Дүниежүзілік Банктің қолдауының арқасында түрлі өңірлердегі 80 әлеуметтік нысан жаңғыртудан сәтті өтті.

«Қазақстанда энергия тиімділігін арттыру» жобасы екі компоненттен тұрады. Бірінші кезекте жұмыс мемлекеттік және әлеуметтік маңызы бар объектілерде демонстрациялық кіші жобаларды дайындау мен іске асыруға бағытталған.

«Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ мамандарының деректері бойынша ғимараттары жаңғыртуды талап ететін мектептер, балабақшалар мен ауруханалар гранттар мен жұмыстың неғұрлым энергия тиімді деңгейіне көшуге мүмкіндік алды. Мемлекеттік мекемелерді таңдау конкурстық негізде жүргізілді.


ГЧП
Cuba Cuba Cuba Cuba
Left Arrow
Right Arrow