Жаңалықтар

«ЭЛЕКТР ЭНЕРГЕТИКАСЫН ДАМЫТУ ЖӘНЕ ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕУ ИНСТИТУТЫ» АҚ ФРАНЦУЗ ДАМУ АГЕНТТІГІНІҢ AFD ДЕЛЕГАЦИЯСЫМЕН КЕЗДЕСТІ

09 маусым 2021 ж.
«ЭЛЕКТР ЭНЕРГЕТИКАСЫН ДАМЫТУ ЖӘНЕ ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕУ ИНСТИТУТЫ» АҚ ФРАНЦУЗ ДАМУ АГЕНТТІГІНІҢ AFD ДЕЛЕГАЦИЯСЫМЕН КЕЗДЕСТІ
        Бүгін «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты (Қазақэнергиясараптама)» АҚ алаңында Француз даму агенттігінің (AFD) өкілдерімен кездесу өтті.
        Анықтама: Француз даму агенттігі (AFD) – Францияның даму саласындағы саясатын және әлемнің тұрақты дамуына жәрдемдесу мақсатында қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік қаржы мекеме.
        AFD атынан аталған кездесуге Орталық Азиядағы Француз даму агенттігі агенттігінің директоры – Вэнсан Копэн, Француз даму агенттігінің энергетика департаменті жобаларының жетекшісі - Адам Айаш, Француз даму агенттігінің энергетика департаменті жобаларының жетекшісі - Оливье Гранвуанэ, Орталық Азиядағы Француз даму агенттігінің жобалар жөніндегі маманы - Матильда Камю қатысты.
        Тараптар энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы бірлескен ынтымақтастыққа қызығушылық білдірді. Өзара қызығушылықты бекіту мақсатында Француз даму агенттігі делегациясының Қазақстан Республикасына сапары шеңберінде институт пен AFD арасында ынтымақтастық және өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қоюды ұйымдастыру ұсынылды.

ГЧП
Cuba Cuba Cuba Cuba
Left Arrow
Right Arrow