Жаңалықтар

«Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ ұжымы Басқарма төрағасы Смағұлов Бауыржан Әміржанұлын «Құрмет» орденімен марапатталуымен құттықтайды!

14 желтоқсан 2021 ж.
«Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ ұжымы Басқарма төрағасы Смағұлов Бауыржан Әміржанұлын «Құрмет» орденімен марапатталуымен құттықтайды!

«Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ Басқарма төрағасы Смағұлов Бауыржан Әміржанұлы «Құрмет» орденімен марапатталды!

Смағұлов Бауыржан Әміржанұлы – техника ғылымдарының кандидаты, белсенді еңбек қызметі кезеңінде әртүрлі басқарушылық лауазымдарды атқарды. Еліміздің қарқынды өсуі мен дамуы кезінде Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Қоршаған ортаны қорғау, экология, жер ресурстары басқармасымен байланысты әлеуметтік-маңызды бағыттарға жетекшілік етті. Оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінде жұмыс істеді. Бүгінгі таңда энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыруға байланысты өзекті мәселелерді шешуге жетекшілік етеді және белсене қатысып келеді.

Өздеріңізге белгілі, «Құрмет» ордені – Қазақстан Республикасының ордені. «Құрмет» орденімен 1993 жылдан бастап Орденмен экономиканы, әлеуметтік саланы, ғылым мен мәдениетті, білімді дамытуға еңбек сіңірген қайраткер азаматтар марапатталады.

 

Құрметті Бауыржан Әміржанұлы!

Сізді жоғары мемлекеттік наградамен марапатталуыңызбен шын жүректен құттықтаймыз. «Құрмет» ордені – Сіздің ел алдындағы еңбегіңіздің жоғары бағасы.

Сізге зор денсаулық, бақыт, өмірде сәттілік және маңызды жобаларды жүзеге асыруды тілейміз!

Құрметпен, Сіздің «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ ұжымыңыз


ГЧП
Cuba Cuba Cuba Cuba
Left Arrow
Right Arrow