Жаңалықтар

Энергетиктерге құрмет!

04 қаңтар 2012 ж.

Қазақстанның Электр энергетикалық қауымдастығы еңбек сіңірген энергетиктерді медалдармен марапаттады. «Қазақстан Республикасының құрметті энергетигі» атағы Жамбыл өкілдігінің сарапшысы Орынбеков Әжіхан Сымақұлына берілсе, «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген энергетигі» атағы Ақтөбе өкілдігінің директоры Әсірепов Миржан Ғұмарұлына және Батыс Қазақстан өкілдігі директорының орынбасары Жаломбетов Қайрош Мұхамбетұлына берілді.

Сонымен қатар «Қазақэнергиясараптама» АҚ-ның 16 сарапшысы алғыс хаттарға ие болды:

  1. Ақмола өкілдігінің сарапшысы – Мәжкенов Жеңіс Амангелдіұлы
  2. Ақтөбе өкілдігінің сарапшысы – Аитов Мейрамбек Зуруллаұлы
  3. Алматы өкілдігінің сарапшысы – Арзиев Момунжан Аширұлы
  4. Атырау өкілдігінің сарапшысы – Сисенғалиев Нұрлан Әбуғалиұлы
  5. Шығыс Қазақстан өкілдігінің сарапшысы – Дурницын Юрий Яковлевич
  6. Жамбыл өкілдігінің сарапшысы – Бекбергенова Жаннұр Курсантбекқызы
  7. Жетісу аймақаралық өкілдігінің сарапшысы – Нұрахметов Марипжан Имиржанұлы
  8. Батыс Қазақстан өкілдігінің сарапшысы – Темірханов Әділ Болатұлы
  9. Қарағанды өкілдігінің сарапшысы – Иванова Людмила Степановна
  10. Қостанай өкілдігінің сарапшысы – Котенко Надежда Владимировна
  11. Қызылорда өкілдігінің сарапшысы – Айранғұзов Қылышбек Дөшкенұлы
  12. Павлодар өкілдігінің сарапшысы – Чичевский Анатолий Корнеевич
  13. Солтүстік Қазақстан өкілдігінің сарапшысы – Рақымов Бақыт Мағжанұлы
  14. Орталық филиал сарапшысы – Мулюкина Людмила Михайловна
  15. Екібастұз өкілдігінің сарапшысы – Сақанов Сүйіндік Шамкенұлы
  16. Оңтүстік Қазақстан өкілдігінің сарапшысы – Темірбеков Шерали Әбдікәрімұлы

«Қазақэнергиясараптама» АҚ-ның аумақтық бөлімшелерінің өкілдерін ресми түрде марапаттаудан кейін  республикамыздың тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай  Астана қаласы бойынша автобуспен экскурсия ұйымдастырылды. Қонақтар Есіл өзенінің жағалауында, «Бәйтерек» монументінде, Бейбітшілік және келісім сарайында, «Қазақ елі» алаңында болды.

Құттықтаулар мейрам құрметіне жайылған дастарханда өз жалғасын тапты, барлық энергетиктерге кәсібиліліктері мен жұмыстарының оң нәтижелері үшін алғыс білдіріліп, жоғары нәтижелерге қол жеткізуде әрі қарай жетілдіруге тілек білдірілді.

«Энергетиктер – бұл барлығымызға аса маңызды игілік болып табылатын жарық пен жылу   сыйлайтын адамдар. Ғаламтор, теледидар, тұрмыстық құралдар- қалған барлық адамзат жетістіктерінің электр қуатынсыз ешбір мәні жоқ. Экономика мен өркениеттің дамуымен энергетиктердің алатын орны да өседі. Сондықтан әріптестерім мен олардың туыстары мен жақындарына мықты денсаулық, кәсіби жеңіс, жарқын жетістіктер мен елімізді жарық және жылумен қамтамасыз етуде сенімді шешімдер тілегім келеді».


ГЧП
Cuba Cuba Cuba Cuba
Left Arrow
Right Arrow