Жаңалықтар

Энергия аудиторлары мен энергия менеджерлерінің II Халықаралық форумы

31 наурыз 2017 ж.
Энергия аудиторлары мен энергия менеджерлерінің II Халықаралық форумы

Бүгін, 31 наурызда Астана қаласында ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің, "Электр энергетикасын және энергия үнемдеуді дамыту институты (Қазақэнергиясараптама)" АҚ-ның (бұдан әрі-Институт) ресми қолдауымен "Қазақстандық энергия аудиторлары Қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастыруымен энергоаудиторлар мен энергия менеджерлерінің II Халықаралық форумы өтті.

Форумды өткізудің негізгі мақсаты тәжірибе алмасу, проблемаларды талқылау және энергия аудитін өткізу мәселелері бойынша оларды шешу мүмкіндіктерін қарау, энергия менеджменті жүйесін енгізу, сондай-ақ Ресей Федерациясының, Болгарияның және Қазақстан Республикасының жетекші сарапшы-энергия аудиторларымен және энергия менеджерлерімен энергия сервистік шарттар тетігінің жұмыс істеуі болып табылады.

II Халықаралық форум аясында келесі өзекті мәселелер талқыланды:

  •  2012-2016 жылдардағы ҚР энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы саясатының қорытындыларын шығару;


  •  "Болашақ энергиясы" атты Астана ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу шеңберінде Энергия үнемдеу және энергия тиімділігі мәселелеріне назар аударуды арттыру;


  •  "жасыл" экономикаға көшу үшін энергия тиімділігі жолымен жүру;


  •  энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік бақылау мәселелері;

  • энергия аудиті саласындағы өзін-өзі реттеу;

  • энергия аудитін жүргізу саласындағы ағымдағы жағдай;

  • энергия аудитін жүргізу бойынша қызметтердің сапасын арттыру;

  • энергоаудиторлық компаниялар кадрларының біліктілігін арттыру;

  • энергия менеджменті энергия тұтынуды қысқарту, шығыстарды төмендету және экологиялық талаптарға сәйкестікті қамтамасыз ету мүмкіндігі ретінде;

  • МЭТ субъектілерінің кәсіпорындарындағы энергия менеджерлерінің функциялары;

  • Бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам - Ұлт жоспарының 59 қадамы: энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды іске асыру үшін энергия-сервистік шарттар тетігін енгізу;

  • энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша практикалық іс-шараларды іске асыру және басқалар.


Форум барысында Институттың энергия үнемдеу және энеготиімділікті арттыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудағы рөлі, Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің жүргізілген энергия аудиттеріне шолу және талдау, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы энергия сервистік нарықты дамыту мәселелері түсіндірілді. Институт атынан Басқарма төрағасы Б. А. Смағұлов, Басқарма төрағасының орынбасары С. А. Турчекенов және жобаларды сараптау, басқару және мониторинг орталығының директоры А. А. Қабыкенов сөз сөйледі.

Аталған форум энергия аудиторлық компаниялар, энергия сервистік компаниялар, сондай-ақ энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мүдделі тұлғалар үшін іскерлік және кәсіби диалог алаңы болды.

Талқылау деңгейіне халықаралық сарапшылардың қатысуы ерекше мән берді. Шет елдерден келген әріптестер көтерген мәселелердің кең спектрі Қазақстан Республикасында бар түрлі мәселелер үшін нақты шешімдер құруға мүмкіндік береді.

Форумның қорытындысы бойынша Қазақстанда энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша барлық қатысушылардың нақты ұсыныстары көрсетілетін қарар дайындау туралы шешім қабылданды.


ГЧП
Cuba Cuba Cuba Cuba
Left Arrow
Right Arrow