Жаңалықтар

Энергия үнемдеу ОҚТ мақсатты міндеттерінің бірі ретінде

06 желтоқсан 2018 ж.
Энергия үнемдеу ОҚТ мақсатты міндеттерінің бірі ретінде

6-7 желтоқсан аралығында «Жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар халықаралық орталығы» (бұдан әрі – ХЖТИЖО) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігімен бірлесіп «Қазақстанның ОҚТ принциптеріне көшуі: қазіргі жағдайы және келешегі» атты халықаралық конференция өткізеді.

Конференцияда кәсіпорындарының ОҚТ принциптеріне көшуі бойынша дайындығына талдау жасалды, сондай-ақ халықаралық тәжірибе қаралып, ұсыныстар әзірленді. Іс-шараның қорытындысы бойынша Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы мен Ресей Федерациясының ОҚТ бюросы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының жетекшісі Рәпіл Жошыбаев атап өткендей, энергия сыйымдылығын төмендету, энергия теңгеріміндегі ЖЭК үлесін ұлғайту, қалдықтарды қайта өңдеу, су сапасы бойынша белгіленген түйінді көрсеткіштерге қол жеткізу үшін жасыл реформалардың негізі қаланатын Экологиялық кодексті жаңарту қажет.

«Біріншіден, біз ірі бизнестің ең озық қолжетімді технологияларды бірлесіп қаржыландыру арқылы немесе басқа да қолдау әдістері арқылы енгізуді ынталандыруды ұсынамыз. Экологиялық-жауапты инвестициялау немесе жасыл қаржы құралдары ұғымын енгізу ұсынылады. Екіншіден, жергілікті жерлерде жергілікті атқарушы органдар экологияның жай-күйіне ортақ жауапты болуға тиіс. Барлық іске асырылып жатқан табиғат қорғау іс-шараларының түпкі есептелінетін мақсатты әсері болуы тиіс», - деп Қазақстан экологиялық ұйымдар Қауымдастығы Басқарма төрағасының орынбасары Асхат Сүлейменов өз ойын білдірді.

Конференция барысында ҚЭДЭИ Басқарма төрағасының орынбасары Олжас Әділұлы Әлібеков ОҚТ қағидаттарына көшу кезіндегі мақсатты міндеттердің бірі ретінде Қазақстанда энергия үнемдеуді дамыту туралы айтып берді, сондай-ақ ЭСКО нарығын дамыту және энергия тиімділігі картасы туралы бөлісті.

ХЖТИЖО болжамдары бойынша ОҚТ принциптеріне көшу үдерісі 2020 жылдан бастап 2030 жылға дейін 10 жыл ішінде жүзеге асырылатын болады.

Ең озық қолжетімді технологиялар (ОҚТ) - ғылым мен техниканың қазіргі заманғы жетістіктері және қоршаған ортаны қорғау мақсаттарына қол жеткізу өлшемшарттарын ең үздік ұштастыру негізінде айқындалатын өнім өндіру және қызметтер көрсету технологиялары.


ГЧП
Cuba Cuba Cuba Cuba
Left Arrow
Right Arrow