Жаңалықтар

Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі жұмыс кеңесі

13 ақпан 2017 ж.
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі жұмыс кеңесі

Ағымдағы жылдың 9 ақпанында Петропавл қаласында "Солтүстік Қазақстан облысының энергетика және ТКШ басқармасы" КММ басшысының м.а. Аубакировтың төрағалық етуімен энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша жұмыс кеңесі өтті.

Кеңес барысында "Электр энергетикасын және энергия үнемдеуді дамыту институты (Қазақэнергиясараптама)" АҚ Энергия үнемдеу және энергия тиімділігі жөніндегі Басқарушы директоры Д.Е. Байгунакова сөз сөйлеп, "100 нақты қадам" Ұлт жоспарының 59-қадамын іске асыру бойынша ҚР-дағы ағымдағы жағдай, атап айтқанда өңірдегі энергия сервистік шарттар тетіктерін дамыту, энергия тиімділігі картасын қалыптастыру және жүргізу, сондай-ақ МЖӘ қағидаттары бойынша сервистік келісімшарттарды қолдану мәселелерін қозғады.

Сондай-ақ кеңесте Солтүстік қазақстан облысы МЭР субъектілерінің Мемлекеттік энергетикалық тізілімді қалыптастыру және жүргізу бөлігінде "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы" ҚР Заңының нормаларын орындауы, институтқа ақпаратты уақтылы және дұрыс ұсыну, сондай-ақ міндетті энергетикалық аудит жүргізу мәселелері қозғалды.

Кеңес қорытындысы бойынша қатысушылар энергия-сервистік шарттар тетігінің жұмысы және МЖӘ қағидаттары бойынша сервистік келісімшарттардың қолданылуы туралы толық ақпарат алды


ГЧП
Cuba Cuba Cuba Cuba
Left Arrow
Right Arrow