Жаңалықтар

Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында үшжақты меморандумға қол қою

06 желтоқсан 2019 ж.
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында үшжақты меморандумға қол қою

Мемлекет басшысының Германия Федеративтік Республикасына ресми сапары шеңберінде 2019 жылғы 5 желтоқсанда "Атамекен" Қазақстан Республикасының ҰКП, "Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты" АҚ және Неміс энергетика агенттігі (dena) арасында энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы стратегиялық әріптестік туралы үшжақты меморандумға қол қойылды.

Бұл келісім 2020 жылы елдің энергия тиімділігін арттырудың 2030 жылға дейінгі ұзақ мерзімді және секторалдық жоспарын әзірлеуді көздейді. Неміс тарапы Қазақстанда энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша мастер-жоспарды әзірлеуге және кеңес беруге қаржы бөледі.
Тараптар қазақстандық нарыққа еуропалық энергия сервистік компанияларды және энергия сервистік жобаларды іске асыру үшін энергия тиімді технологиялар мен жабдықтардың жетекші өндірушілерін тартуға, сондай-ақ экономиканың түрлі салаларында энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде қолдауға қызығушылық танытады.

Dena агенттігі энергия тиімділігі және жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобалар мен науқандардың бастамашысы және ұйымдастырушысы ретінде әрекет етеді. Сондай-ақ, dena энергетикалық саясатты әзірлеу бойынша Консалтингтік қызметтер көрсетеді және энергия тиімділігін мақсатты арттыру және жаңартылатын энергия көздерін тиімді пайдалану бойынша нәтижелерге жедел қол жеткізуге ықпал ете отырып, перспективалы инновацияларға жәрдемдеседі. Энергетиканы тұрақты дамыту стратегиясын анықтау кезінде федералды үкімет білікті сарапшы ретінде неміс энергетикалық агенттігін тартады.


ГЧП
Cuba Cuba Cuba Cuba
Left Arrow
Right Arrow