Бұл оқушылармен өткізілген кездесудің басты мақсаты астанамыздың ең жас тұрғындарынан бастап халық арасында энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру идеяларын насихаттау болды.Тұсаукесер ашық диалог нысанында оздырылды. 7-8 сынып оқушылары практикалық тапсырмалар орындап, белсенді түрде сұрақтар қойды. Осы аз уақытқа созылған кездесу барысында Астана қаласының №49 қазақ жалпы білім беру мектебінің оқушылары бұдан әрі Қазақстанның энергия ресурстарын сақтауға ынталандыратын қызықты да пайдалы ақпараттар алды.
Кездесу ұйымдастырушылары бұл кездесудің мектеп оқушыларымен ұйымдастырылып отырған соңғы кездесу еместігін хабарлады. Таяуда қаланың басқа да оқу орындарына бару жоспарлануда.
Сонымен қатар «Энергия үнемдейміз – астанамызды сақтаймыз» тақырыбындағы зерттеу жұмыстары бойынша оздырылатын конкурс туралы хабарланды. Конкурс Астана қаласының 7-11 сынып оқушылары арасында өткізіледі. Ғылыми жұмыстар 6 критерий бойынша бағаланады: мақсаты мен міндеттерін анықтау, таңдалып алынған тақырыптың қатысушы үшін өзектілігінің негіздемесі, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мен ресурстарды үнемдеуді зерттеудің практикалық маңыздылығы, ұсынылған мәліметтердің тыңғылықтығы, орындалған жұмыстардың көлемі, қорытындылардың негізділігі мен маңыздылығы, рәсімдеу сапасы. Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен (i-pad,ноутбуктер, нетбуктер мен басқа да бағалы сыйлықтар) марапатталады. Конкурс нәтижесі мен ең жақсы жұмыстар туралы 2012 жылдың сәуір айында хабарланады.
ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша ел экономикасының энергия сыйымдылығын 10% төмендетуге қол жеткізу шеңберінде «Қазақэнергиясараптама» АҚ еліміздің энергия тиімділігі бойынша Кешенді жоспардың басты әзірлеушісі болып табылады.Компанияның негізгі қызметтері: қорытынды беруімен (қуаттылығы 201МВт-тан 300 МВТ-қа дейін) электр станцияларын тексеру, объектілер мен қорытынды беруімен магистралды жылу желілерінің орнатылған жабдықтарын, аудандық қазандық жабдықтарының жылу техникалық жай-күйін тексеру, жобалардың энергетикалық сараптамалары, электр және жылу энергиясы тұтынушыларының энергия жабдықтарын кешенді сараптамалық тексеру, жылу энергиясының тұтынушыларына энергия үнемдеу мәселелері бойынша ұсынымдар беру және басқалары.