Жаңалықтар

Энергия үнемдеу: Өзімізден басталады! Астана қаласының № 38 мектеп¬-гимназиясында ашық сабағы өтті

06 желтоқсан 2012 ж.

Бүгін астаналық № 38 мектеп-гимназиясында мемлекеттік тілде 8­-9 сынып оқушыларына Энергия үнемдеу: Өзімізден басталады! атты ашық сабағы өтті.

«Қазақэнергиясараптама» АҚ  Қазақстан халқының арасында энергия үнемдеу идеяларын насихаттау мақсатында, мектеп оқушыларына арнап оқыту курсын әзірлеп, «Қазақэнергиясараптама» АҚ мамандары астаналық мектептерде ашық сабақты өткізу тәжірибесін енгізді.

Астана мектептерінде осындай ашық сабақтар №27, 49, 68, 15, Ғафу Қайырбеков атындағы № 2 МГ және «Зерде» дарынды балалар мектебінде де өтті. Ашық сабақтар ай сайын өткізіліп жатыр.

Мектеп оқушыларына энергия үнемдеу, энергияның табиғи көздері және олардың қолданылуы, тұрмыста энергияны қалай үнемдеуге болатынын және т.б. Талқылау барысында балалар энергия үнемдеу есептерін шешіп, үй мен мектепте электр және жылу энергиясын үнемдеуге үренді.

Әр сабақтың соңында оқушыларға практикалық кеңестері бар материалдар мен буклеттер таратылады.

Айта кететін жайт, «Қазақэнергиясараптама» АҚ осындай шараларды тек астаналық мектептерде ғана емес,  жалпы республикалық көлемде өткізіп жатыр. Яғни мектеп оқущыларында энергия үнемдеу мәдениетін дәріптеу арқылы энергияға деген дұрыс көз қарасының іргетасы салынады және энергия үнемдеу бойынша базалық білім де қалыптасады.


ГЧП
Cuba Cuba Cuba Cuba
Left Arrow
Right Arrow